12 C
Алматы
Сенбі, 20 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкент: «Intellectualdy ult» жалпыұлттық жобасы жүзеге асырылмақ

    Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қалалық Ішкі саясат және жастар істері жөніндегібасқармасының басшысы Жанар Бектаева және «Еркін ой» газетінің бас редакторы Балтабек Түйетаевтың қатысуымен«Intellectualdy ult» жалпыұлттық жобасы бойынша брифинг өтті.

    Баспасөз мәжілісінде Жанар Әлібекқызы, ең алдымен, «Intellectualdy ult» жалпыұлттық жобасының мақсатыжайында жан-жақты жеткізді.

    – Бұл жобаның мақсаты жастарды зияткерлік спорт түрінебаулуға бағытталған. Яғни, шахмат, тоғызқұмалақ жәнедойбы ойындары арқылы жастардың ойлау қабілетінарттырып, саналы ұрпақ қалыптастыру. Ғылымда: «Адам ойлау жүйесінің 30-ақ пайызын қолданады. Ал қалғаныжұмыс істету арқылы дамиды» деген қағида бар. Солсебепті жас буынның дұрыс ойлауын дамытуымыз керек. Мәселен, бүгінде жасөспірім жеңіл ойындарға, жеңіскежетуге құмар. Ал шахмат ойынының басты қағидасы – жеңіс емес, сол жеңіске қалай жету. Яғни, әр түрлі әдісқолданып, стратегиялық қабілетін шыңдайды. Жастардыңбойына жетпей жатқан осы бір қасиетті дамыту мақсатындабұл жобаны қолға алдық, – деді басқарма басшысы.

    Брифинг барысында аталған жобаның жанашыры әрі жүзегеасырушысы Балтабек Түйетаев байқау жайында сөзқозғады.

    – Бұл жоба аясында «Ойлы болсаң, озып көр!» байқауыөтеді. Ол 15 қазан күні басталып, жыл соңына дейінжалғасады. Жалпы жүлде қоры – 2,5 млн теңге. Сайыс жасерекшеліктерге бөлінген. Олар – оқушылар, ересектер жәнеардагерлер. Бұл интеллектуалды ойындар ақыл-ой тәрбиесіне, жеке адамды қалыптастыруға ерекше ықпалетеді. Атап айтсам, қазақ топырағындағы ұлы тұлғаларА.Құнанбаев, Ш.Құдайбердіұлы, М.Дулатұлы, Ш.Қалдаяқовжәне Ғ.Мүсірепов зияткерлік өнерімен дараланған, – дедіБалтабек Исақұлы.

    Айта кетейік, байқауда кәсіби мамандар төрешілік етеді.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Шымкентте 1000-нан астам отбасы баспаналы болады

    Фариза

    Таразда аудан күндері өтуде

    Фариза

    Шымкент: 108 мыңға жуық адам атаулы әлеуметтік көмек алды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    15 − fourteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.