Бейсенбі, 8 Желтоқсан 2022
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    АҚШ-тан Алматыға есірткі тасымалдағандар ұсталды

    Олар Telegram мессенджері арқылы Қазақстан аумағында есірткі сатуды жоспарлаған

    ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті қаланың авиациялық көлік прокуратурасымен бірлесіп аса ірі мөлшерде есірткі контрабандасының жолын кесті, деп хабаралайды Azattyq Ruhy.

    Есірткі АҚШ-тан пошта арқылы келген техниканың ішінен шыққан.

    «Осы жылдың 2 қазанында Алматы қаласында қызметтік-іздестіру итінің көмегімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде АҚШ-тан пошта жөнелтілімдерін алғаннан кейін жалпы салмағы 648,98 гр “марихуана”, сондай-ақ жалпы салмағы 675,65 гр “гашиш” есірткі заттары табылып тәркіленген. Алматы қаласының тұрғындары ұсталды»,-деп мәлімдеді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі.

    Тінту барысында электрондық таразылар мен өлшеп орауға қажетті басқа да құралдар табылды.

    Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

    Өзге ақпарат ҚР ҚПК 201-бабы тәртібінде тергеу мүддесінде жария етілмейді.

    Похожие записи

    “Зорлап, қоқысқа тастап кеткен” Жантүршігерлік жағдай Алматыда болған

    Фариза

    “Өртенді, өртеніп жатырмыз” Мәскеуде ұшақта түсірілген жантүршігерлік видео

    “Салмағы 810 грамм болыпты…” – тоңазытқышта шетінеген нәрестенің туысы мән-жайды айтты

    Пікір қалдыру

    seventeen + 17 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.