23 C
Алматы
Жұма, 3 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    Елордада таксидегі жанұшыра айқайлаған қыздың дауысын полицейлер естіп көмекке келді

    Такси жүргізушісі мен жолаушы арасында ұрыс шығып, ер адам әйелге қол жұмсаған. Полиция бұл фактіге қатысты іс қозғады, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі sputniknews.kz порталына сілтеме жасап.

    Нұр-Сұлтанда такси жүргізушісі көлігінде отырған жолушыны соққыға жықты. Екеуі сөзге келіп қалып, ер адам 31 жастағы қызға тап берген, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

    Жанұшыра айқайлаған қызға жақын маңда жүрген полицейлер көмектескен.

    “Таксиде отырған қыздың айқайлап жатқанын естіген полицейлер оқиға орнына дереу жетеді. Белгілі болғандай, екеуінің арасында ұрыс шығып, такси жүргізушісі жолаушыны соққыға жыққан”, – деп хабарлады полициядағылар.

    Құқық қорғау органдарының қызметкерлері такси жүргізушісін полицияға жеткізген. 52 жастағы ер адамның үстінен әкімшілік іс қозғалады.

    қатысты посттар

    “Денесінің 90%-ы күйіп қалған…” – жас жігіт ғашығын қызғаныштан өртеп жіберді

    Қорықшыны өлтірген қылмыскерлердің туыстары сот үкіміне наразылық білдірді

    Масаншыда өртенген үйдің арасынан адамның мәйіті табылды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    20 − nine =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.