-1.1 C
Алматы
Сәрсенбі, 6 Желтоқсан 2023
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Шиелідегі мектеп директоры мен мұғалімдердің ұрысы түсірілген видео тарауда

    Қызылорда облысы Шиелі ауданының мектебінде директор мен мұғалімдер арасындағы жанжал видеоға түсіп қалды, – деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    Кадрда аудандық мектеп директоры мұғалімдерді сынап, олардың мектепке қалай келгендерін еске салды.

    Бұл видеоға қатысты Шиелі аудандық білім бөлімі пікір білдірді.

    “Аудандық білім бөлімі облыстық білім басқармасымен бірге мәселені қарастырып жатыр. Тиісті зерделеу жүргізіліп, мәселе анықталған соң басшы мен тиісті қызметкерлер іс-әрекетіне құқықтық тұрғыдан баға берілетін болады”, – делінген хабарламада.

    Видео авторы Ардақ Қазақбайқызы директордың осы орында 10 жылдан аса уақыт бойы қызмет етіп келе жатқанын жазған.

    “Бұл сұмдық тиран директорға 10 жылдан бері төзіп келе жатқан мұғалімдерге медаль тағу керек шығар”, – дейді ол.

    қатысты посттар

    Oyan, Qazaqstan белсендісі феминистік шеруден кейін қоқан-лоқыға шағымданды

    Фариза

    Әкімдікке басып кірген көпбалалы аналар ұсталды

    Фариза

    Полицей өзіне қол жұмсамақ болған үш баланың анасын құтқарды

    Пікір қалдыру

    3 × four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.