4 C
Алматы
Сенбі, 27 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Нұр-Сұлтанда депутат көпбалалы аналармен сөзге келісіп қалды

    Нұр-Сұлтанда G-Park құрылыс компаниясының жетекшісі Ғабит Сәтмағамбетов көп балалы аналарға дөрекі жауап берді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Orda.kz порталына сілтеме жасап.

    «Міне, бізден тағы бір депутат қашып кетті, қараңыздар, қашып кетті. Бері кел, сен депутат емессің бе?!» деді видеодағы әйел Сәтмағамбетовке.

    Жауап ретінде ол әйелдер неге айғайлай жатыр деп таң қалды.

    «Кетшей! (Да идите в задницу!)» деді Сәтмағамбетов. Артынша ол көпбалалы аналармен сөзге келісіп қалды.

    «Халық таңдауының» бұл әрекеті жиналғандардың наразылығын тудырды.

    Кейін депутат әйелдердің жеке намысына тигенін айтты.

    «Мен, Ғабит Сатмағамбетов, қайырымдылық қорының иесі ретінде көп балалы аналарға көрсетілетін қайырымдылық көмекті тоқтатамын. Маған деген осындай қарым-қатынастан кейін, барлық істеген істерімнен кейін, менде көмектескім келмейді. Мен үзіліс жасауды шештім!» деп жазды Сәтмағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында.

    қатысты посттар

    Аттестаттарын қоқыс жәшігіне лақтырған түлектер халықтан кешірім сұрады

    Фариза

    Жаңаөзенде тапа-тал түсте атыс болды ­– видео

    Фариза

    Шымкентте жаңа үлгідегі аялдамалар орнатылады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    twelve + 15 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.