19 C
Алматы
Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қазақстанның ақылы жолдарында кім тегін жүре алады

    Қазақстанда Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне ақылы жолдармен жүру ақысын төлемеуге рұқсат етіледі, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz порталына сілтеме жасап.

    Мұндай норма заң жобасына көлік мәселелері бойынша түзетулер енгізу аясында қарастырылған.

    Ақылы жолдармен тегін жүру нормасы ҰОС ардагерлері мен әскери борышын өтеп жатқан құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне тіркелген автокөліктерге қатысты болады. Өкінішке орай, бізде ардагерлер көп емес, ардагерлерге теңестірілгендердің санатын да қарастырып жатырмыз.Мәжіліс депутаты Альберт Рау

    Оның айтуынша, қазір есептеулер жүріп жатыр, бірақ мәселе заң жобасы екінші оқылымда қаралғанға дейін шешіледі.

    Айта кетерлігі, заң жобасында халықтың әлеуметтік осал топтарына қоғамдық көлікте жүру үшін жеңілдіктер қарастыратын нормалар да қарастырылған.

    Сонымен, әлеуметтік маңызы бар коммуникациялар, сондай-ақ қалалық (селолық), қала маңындағы қатынастағы тұрақты автомобиль маршруттары тегін жүре алады:

    • «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған көп балалы аналар, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталғандар, бірінші топтағы мүгедектер .
    • 15 пен 18 жас аралығындағы тұлғаларға жол жүру құжатының жалпы құнының 50% төлей отырып, жол жүру құжатын сатып алу құқығы беріледі.

    қатысты посттар

    «Ең әуелі балаларымның тағдырын ойран еттім» Сириядан оралған Қазақстандық өткен істеріне өкінетінін айтты (видео)

    Г. Әбдіқалықова: «Сақтық шараларына бағыну – тұтас ел алдындағы азаматтық борышымыз»

    Фариза

    «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020»: Жалағашта мектеп жөнделуде

    Фариза

    Пікір қалдыру

    3 × 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.