15 C
Алматы
Жұма, 17 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020»: Жалағашта мектеп жөнделуде

    Жалағаш ауданы Т.Жүргенов ауылындағы Ә.Оңалбаев атындағы №117 орта мектеп 1987 жылы типтік жобада салынған. Жобалық қуаты 464 орындық, 2 қабатты. Қазіргі уақытта мектептегі оқушылар саны мектепалды даярлық тобындағы 32 баланы қоса алғанда 360 болып отыр. Класс комплектісі 22. Оқушылар 2 ауысымда оқытылады.

    Қазіргі таңда облыстық бюджеттен «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасы» аясында қаржы бөлініп, мектеп ғимаратына тиісті күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жөндеу жұмыстарын конкурс жеңімпазы «Real Story Invest» ЖШС жүргізуде. Ашылған жұмыс орындарына 71 адам қамтылған, оның ішінде 36 адам жұмыспен қамту орталығы арқылы алынды.

    Атқарылатын жұмыстар: мектептің кәріз жүйелерін жүргізу, электр желілерін, жарықтандыруды жаңарту, ғимараттың ішкі сылақ жұмыстары және есік-терезелерін ауыстыру, дәліздердің және класс кабинеттерінің едендерін жаңалау, асханаға ауыз су кіргізу және еденін кафельдеу, шатырын шиферлау.

    Мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін оқушылардың шығармашылық қабілеттері арттырылады, бос уақытын тиімді ұйымдастыру бағытында жұмыстар жүргізіледі.

    қатысты посттар

    Қызылордалық оқушының ғылыми жобасы патентке ие болды

    Фариза

    Мұқтаж отбасылар құрбандық етін алуға ұсыныс бере алады

    Фариза

    Онлайн форматтағы нәтижелі практика

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eighteen + 11 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.