12 C
Алматы
Сенбі, 27 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Дариға Назарбаева мен Нұрсұлтан Әбішұлын қамауға болмайды – Әділет министрі 

    Әділет министрі Қанат Мусин үкімет сағатынан соң журналистердің сұрақтарына жауап берді. Министр Orda.kz журналисіне Назарбаевтың туыстары туралы ақпаратпен бөлісті.

    Қанат Мусиннің айтуынша Назарбаевтың жиен бауырлары, інілері мемлекет қарамағындағы туыстарының қатарына кірмейді.

    Бұл туралы ол Қайрат Сатыбалдыны тұтқындау қаншалықты заңды деген сұраққа жауап берген кезінде хабарлаған. Басқа журналистер осы сұрақтың мағынасын ашу мақсатында тағы бірнеше сұрақ қойып, министрдің ұртынан Дариға Назарбаева мен Нұрсұлтан Назарбаевты ұстауға немесе қамауға алуға болмайды деген жауап алды.

    – Жоқ, бұл адамдарды ұстауға және қамауға алуға болмайды. Заң бұған тыйым салады. Бірақ оларға сұрақ қоюға және жауап алуға тыйым жоқ, – дейді министр Мусин.

    Сонымен қатар, әділет министрлігі бұрынғы президенттің мәртебесі туралы заңға өзгерістер енгізуді жоспарлап отырған жоқ екендігін жеткізді.

    Дереккөз: Orda.kz

    қатысты посттар

    Бақыт Сұлтанов: Азық-түлік тауарларының бағасы қолжетімді болады

    Фариза

    «Олар да жұмыс істеуі керек қой»: Антикор басшысы басшылық қызметтегі туыстар жайлы

    Фариза

    Ауған босқындары шынымен Шымкентке келе ме?

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eight + five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.