3 C
Алматы
Пятница, 8 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақының орташа мөлшері аталды

    2022 жылдың басынан бері қазақстандықтарға мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша 104,6 миллиард теңгеден астам жәрдемақы төленді. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz порталына сілтеме жасап.

    1 сәуірдегі жағдай бойынша қазақстандықтарға мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы түрінде 104,6 млрд теңгеден астам қаржы төленді. Оның ішінде 2022 жылдың наурыз айында мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге республикалық бюджеттен 27,6 млрд теңге, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 7,7 млрд теңге бөлінді, — Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі

    2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша мүгедектігі барлардан мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны 525 мың адам, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 174,3 мың адам алды.

    Мүгедектік бойынша және асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектік тобына және себептеріне, қайтыс болған асыраушысының асырауындағылардың санына, сонымен қатар ҚР заңнамасында белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты.

    2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың орташа мөлшері 52 609 теңгені, асыраушысынан айырылуы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар 43 957 теңгені құрады, — Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі

    Бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі орташа зейнетақы көлемін атаған еді.

    қатысты посттар

    Қазақстанда төрт жаңа саяси партия пайда болады

    Фариза

    Қызылордалықтар Елбасының саулығын тіледі

    Фариза

    Қызылорда облысында құс тұмауы тіркелген жоқ

    Фариза

    Пікір қалдыру

    two × 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.