8 C
Алматы
Жұма, 3 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    COVID-19: Қызылордада бірқатар шектеулер алынып тасталды

    Қызылорда облысы бойынша бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №24 қаулысы шықты. Бірқатар нысандардың шектеу шаралары алынып тасталды.

    Енді ашық алаңдағы аттракциондар, фитнес, бассейн, тренажер, спорттық үйірмелер, қоғамдық монша, сауна, демалыс саябақтары түңгі 23-00-ге дейін жұмыс істейді. Театр, кітапхана, мұражайға адам санына шектеу қою арқылы рұқсат берілді.

    «Қоғамдық көліктер демалыс және мереке күндері де жүретін болады. Барлығында кондуктор болуы тиіс. Ал сауда үйлері, ойын-сауық орталықтары, азық-түлік емес және азық-түлік жабық базарлары демалыс күндері бұрынғысынша жұмыс істемейді», – дейді облыс бойынша бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Динара Жаңабергенова.

    Жаңа қаулыға сәйкес, көпшілік іс-шараларын, спорттық, отбасылық, естелік, салтанатты, мерекелік, мәдени, (банкеттер, үйлену тойы, мерейтой, еске алу) шараларды әзірге өткізуге болмайды. Кинотеар, караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, жабық үй-жайлардағы балалардың ойын алаңдары мен аттракциондар, батуттар мен букмекерлік кеңселер, оқушылардың және мектеп жасына дейінгі балалардың экскурсиясына, кальянды пайдалануға тыйым салу жалғасады.

    қатысты посттар

    “300 мың доллар!” Ғабидолла Абдрахимов өзіне тағылған айыпқа жауап берді

    Бүгінгі күннің батырлары!

    Қаңтар қасіреті: қаза болғандардың аты-жөні неге жарияланбайды?

    Фариза

    Пікір қалдыру

    ten − 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.