15 C
Алматы
Сәрсенбі, 1 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорда қаласындағы 2 емхана мен 12 дәріханаға зерделеу жұмыстары жүргізілді

    Қызылорда қалалық «AlexeySultanAkhmet» емханасы 38 мыңнан астам тұрғынға
    қызмет көрсетеді.

    Соңғы 3 аптада жедел-жәрдем қызметін үйге шақыртушылар саны
    көбейгендіктен, арнайы 6 мобильді топ құрылған. Емхана басшысының айтуынша, қазіргі
    қажеттілікке байланысты азитромицин, қызу түсіретін және басқа да дәрілер келген.
    Антибактериалды терапияны қажет ететін науқастардың үй жағдайында ем алуы үшін
    дәрі-дәрмектер тегін беріледі. Емханада респираторлы аурулар мен пневмонияны емдеу
    үшін екі айға жеткілікті дәрілер қоры жасақталған.

    Сонымен бірге «Темір жол» емханасындада мобильді топ құрылған. Емхананың
    үшінші қабатында күндізгі стационар жұмыс істейді. Онда жағдайы төмен науқастарды
    қабылдауда, тұрғындардың рентгенге түсу мүмкіндігі бар. Үй жағдайында ем алып
    жатқан науқастар дәрігерлердің бақылауына алынып, мүмкіндігінше тегін дәрілермен
    қамтамасыз етілуде.

    Бұған қоса, мониторингтік топ қаладағы 12 дәріхананы аралап, зерделеу
    жұмыстарын жүргізу барысында, төмендегі тізбеде көрсетілген дәріханаларда бұйрықпен
    белгіленген шекті бөлшек сауда бағаларының асып кету фактілері тіркелмегендігін
    білдірді. Сонымен қатар, дәріхана иелеріне тұрғындардың сұранысына ие дәрілік заттарға
    көбірек тапсырыс беріп отыру қажеттілігі ескертілді.

    Дәріхана қызметкерлерінің айтуынша ыстықты түсіретін, микробқа, вирусқа
    қарсы препараттар күнделікті жеткізілуде, дегенмен олардың тапшығы әлі де бар. Өйткені
    сатылымға түскен бойдан тез сатылып кетуде.

    Мониторинг нәтижесі дәріханаларда эуфиллин, дексаметазон, преднизолон,
    меропенем, В1 витамині, умифеновир дәрі-дәрмектерінің сатылымда жоқ екенін
    көрсеткен.

    Айта кетейік, өткен аптамен салыстырғанда дәріханалар алдындағы
    тұрғындардың кезегі азайған

    қатысты посттар

    1 қаңтардан бастап көп балалы отбасыларға жаңа мемлекеттік жәрдемақы беріледі

    Фариза

    Тағдыр дегеніміз не? Оны қалай түсінген дұрыс?

    Мұғалім мамандығын “әлсіз” түлектер таңдап жатыр – Аймағамбетов

    Фариза

    Пікір қалдыру

    three + thirteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.