Суббота, 14 февраля 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Алматыда әуежай мен тағы алты нысанға «мина қойылды» – Полиция департаменті

    Алматыда бірнеше нысанға «мина қойылды». Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz порталына сілтеме жасап.

    Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, қазір қалалық жедел қызмет «жарылғыш зат қойылды» деген нысандарды тексеріп жатыр.

    Таңертең жеті нысанда жарылғыш құрылғылар орнатылғаны туралы ақпарат тарады. Үш нысан тексерілді. Ақпарат жалған болып шықты. Қалған нысандар тексеріліп жатыр.Салтанат Әзірбек

    Оның айтуынша, саперлар нысандарды арнайы техника арқылы тексеріп жатыр.

    Алгоритм бойынша, нысандарға келушілер мен қызметкерлер эвакуацияланады. Азаматтардан қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауды сұраймыз.Салтанат Әзірбек

    Алматы полиция департаментінің ресми өкілі жеті нысанға мина қойылғаны туралы хабарланғанын айтты.

    Жеті нысан бойынша: үш банк тексерілді, ақпарат расталмады; екі сауда үйі, Алматы халықаралық әуежайы және оқу орны.Салтанат Әзірбек

    қатысты посттар

    Жыл басынан бері вакцина алғаннан кейін 115 адам қайтыс болған

    Фариза

    Қызылордаға қажетті көмірдің тең жартысы жеткізілді

    Фариза

    Алматыда дабыл белгісі іске қосылады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    15 + fifteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.