9 C
Алматы
Сенбі, 20 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    БҚО-да су тасқынынан зардап шеккендерге қаражат жинау басталды

    Батыс Қазақстан облысында 140 үй мен 2 әлеуметтік нысанды су басып қалды. 168 бас ірі қара өлді. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен жиында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Ернұр Өтегенов мәлімдеді, – деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    Ол Батыс Қазақстан облысының алты ауданында жағдайдың шиеленісіп тұрғанын айтты.

    “Су басқан үйлерден 750 адам эвакуацияланды, оның ішінде 215-і – бала. Адамдар барлық қажетті заттармен қамтамасыз етілген. Су тасқынына қарсы іс-шараларға барлығы 770-тен астам адам мен 99 техника жұмылдырылды”, – деді Ернұр Өтегенов.

    Орал әкімі Абыт Шыныбеков облыс орталығында Дерқұл, Шаған, Жайық өзендерінің жайылмасында орналасқан саяжай бірлестіктерін су басу қаупі төніп тұрғанын атап өтті.

    “Қар қарқынды еріп жатыр. Біздің саяжайларда 6 мыңнан астам адам тұрақты тұрады. Олардың барлығына су тасқыны қаупі туралы ескертілді”, – деді қала басшысы.

    БҚО әкімі су тасқынына қарсы шараларға облыс резервінен 1,2 миллиард теңге бөлінгенін атап өтті. Зардап шеккендерге материалдық көмек көрсетіледі. Осы мақсатта аудандарда комиссиялар құрылып, шығын көлемін анықтап жатыр.

    “Біз бірыңғай шот аштық. Зардап шеккендерге ақшалай және қажетті тауарлармен көмектескісі келетіндер көп. Су тасқыны салдарын жою бойынша еріктілер штабы құрылды. БҚО-ның су тасқынынан зардап шеккен төрт ауданында адамдарға көмектесетін 30 адамнан тұратын еріктілер жасағы жұмыс істейтін болады”, – деді БҚО ішкі саясат басқармасының басшысы Дархан Кадралиев.

    Еске салайық, БҚО-да қар еру салдарынан автомобиль жолдары мен тұрғын үйлерді су басты. Төрт ауданда ТЖ режимі жарияланды.

    Әкімдіктің мәліметінше, Батыс Қазақстан облысындағы төтенше жағдайға байланысты “Ақжайық” жеке қоры құрылды.
    БСН: 030540003364
    ЖСК: KZ196010181000219258 (валюта KZT)
    БСК: HSBKKZKX
    “Қазақстан Халық Банкі” АҚ
    КБЕ-18
    Мекенжайы: Қазақстан, БҚО, Орал, ж. Молдағалиев көшесі, 19-үй, 101-кабинет, телефондар: 50 64 95, +7 705 984 41 91.

    қатысты посттар

    “Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы төмен,ондай ақшаға жан баға алмайсың”

    “Біз үнсіз қалмауымыз керек” – Министр Ермекбаев жемқорлыққа байланысты мәлімдеме жасады

    Гүлшара Әбдіқалықова үздік ұстаздарды марапаттады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    one + four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.