19 C
Алматы
Сәрсенбі, 1 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    “Достық үшін алайық”. Стақан соғыстырған балалар жұртты күлкіге қарық қылды

    Кішкентай балалардың достық туралы тілек айтып, стақан қағысқанын көрсететін бейнежазба көпшілікті күлкіге қарық қылды. Далада дастархан жайып, татулық туралы сөйлеген балаларды желі қолданушылары сөз етіп жатыр.

    Достық туралы тілек айтып, стақан соғыстырған балалар көпшілікті таңғалдырды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Экспресс К порталына сілтеме жасап.

    Үйдің іргесіне дастархан жайып, айнала қоршап отырған балалардың тілек айтып отырған сәтін терезеден біреу бейнежазбаға түсіріп алған. Бір-біріне “бір болайық” деп достық ниетін білдірген бала достарын ұрсыспауға шақыруды ұмытпады.

    •  

    “Осылай достығымыз ажырамасын. Бастысы, бірге жүрейік. Бір-бірімізбен ұрыспайық. Адам деген тілекті осылай айтады. Сол үшін алып қояйық”, — дейді кішкентай баланың бірі.

    Бұл видеоға қатысты желі қолданушылары түрлі пікір білдірді.

    “Бала көргенін істейді деген осы”, “Тілек айтып отырған баланың әкесі алқаш сияқты ғой”, “Бала тілі — бал”, “Болашақ бөтелкелестер” деп жазды олар.

    Бұл бейнежазбаны көпшілік Тараз қаласында түсірілген десе, тағы бірі Ақтауда болған “басқосу” екенін айтқан.

    қатысты посттар

    Жаңаөзенде тапа-тал түсте атыс болды ­– видео

    Фариза

    16 жастағы қыздың өлімі Шымкент жұртын шошытты

    Фариза

    “Молаға барып, күлгендері несі?” Желі қолданушылары Iphone пішінінде жасалған құлпытасты видеоға түсіріп, күлген азаматты сынап тастады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    nine − three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.