11 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар Қоғам

    Шымкентте 4 мамырдан бастап кәсіпкерлік нысандарының екінші кезеңі басталады

    Шаһарда бүгіннен бастап кейбір кәсіпкерлікнысандарын қалпына келтірудің екінші кезеңінетіркеу басталды.

    Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасарыМақсұт Исахов баспасөз-брифингінде мәлімдеді.

    Қаламызда бүгіннен бастап, бірінші кезеңдебірқатар нысандар қызметін қайта бастап, қалыптыжұмыс режиміне өтті. Атап айтсақ, химиялықтазалау, кір жуу, кілем тазарту, тұрмыстық, медициналық және өндірістік жабдықтарды жөндеуорталықтары, тұрмыстық және кеңсе жабдықтарынсататын дүкендер, автожуу, май ауыстыруорталықтары, техникалық қызмет көрсетустанциялары іске қосылуда. Барлық нысандар сағат10:00 мен 18:00-ге дейін жұмысын жалғастыратынболады, – деді. Ал, сұлулық салондары мен шаштараздар алдын ала жазылумен, санитариялықнормалардың сақталуымен жүзеге аспақ. Ондакелушілер саны бір уақытта 5 адамнан аспауы, отыратын орындардың қашықтығы кем дегенде 2 метр болуы қажет екенін атап өтті.

    Сондай-ақ, 4 мамырдан бастап ақпараттық-коммуникациялық компаниялар, аумағы 500 шаршы метрден аспайтын, барлық бағыттағыдүкендер, фотосалондар, медициналық орталықтар, стоматологиялық клиникалар, жарнама агенттіктерімен көшелердегі спорт алаңдары, жеке кабиналарыбар моншалар, үй жануарлары мен гүл сататындүкендер, жылжымайтын мүлік агенттіктеріжұмысын қайта бастамақ.

    Қалада жаяу немесе жеке көлікпен жүру үшіннысан жетекшілері 3 мамыр күні сағат 14:00-ге дейін төменде көрсетілген пошталарға өтінімжіберуі қажет. Абай ауданы: karantin.abai@shymkent.gov.kz, Әл-Фараби ауданы: karantin.alfarabi@shymkent.gov.kz, Еңбекші ауданы: karantin.enbekshi@shymkent.gov.kz, Қаратау ауданы: karantin.karatau@shymkent.gov.kz.

    Мақсұт Пернебайұлының мәлімдеуінше қаладажаяу немесе көлікпен жүруге 30 сәуірге дейінөтінім жіберіп, енгізілгендер 11 мамырға дейінавтоматты түрде созылмақ.

    Сәйкесінше, кәсіпорындар мен қызмет көрсетуорталықтарында санитарлық талаптар күшейтіліп, қатаң бақылау жүргізілмек.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Шымкент: Емханалар мен отбасылық амбулаториялар жанынан уақытша мобильді бригадалар құрылады

    Фариза

    Алтын жүректі ұстаз – Гүлшара Дәрібаева

    Фариза

    Аттестаттарын қоқыс жәшігіне лақтырған түлектер халықтан кешірім сұрады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    9 − eight =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.