8 C
Алматы
Жексенбі, 28 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Білім және ғылым

    Аймағамбетов: Енді барлық балабақшада міндетті түрде бейнекамера болуы керек

    Балабақшалардың 80 пайызы тексерістен өте алмаған.

    2011 жылдары балаларды балабақшамен қамту көлемін арттыру үшін бақылаулар алынып тасталған. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов “Еуразия” бірінші арнасының “Айна” бағдарламасына берген сұхбатында айтты.

    “Тексеру болған жоқ. Балабақшаларға деген барлық талап төмендетіліп тастады. Өйткені шағын бизнес, “балабақшаларды көбейту керек”, “оған ешқандай кедергі болмау керек” деген принципті ұстанды. Қазір қамту көрсеткіші көп болғандықтан, алдымызда тұрған ең басты мәселе – сапа”, – деді Асхат Аймағамбетов.

    Министр жуырда жаңа бұйрыққа қол қоятынын, онда балабақшаларға қойылатын талаптар туралы жазылғанын ескертті. 

    “Жекеменшік балабақшалар мұнымен келіспей жатыр. “Бұл біздің бизнесіміз” дейді. Әрине, бұл бизнес. Біз бизнестің дамығанын қолдаймыз, бірақ біз бір мәселені түсінуіміз керек. Бізге не керек? Бізге балалардың сапалы білім, сапалы тәрбие алуы керек. Балалардың қауіпсіз ортада өмір сүруі керек. Сондықтан біз бәрін түсінеміз, бірақ талартарды қатайтамыз. Барлық балабақшаларда міндетті түрде бейнекамера болуы керек”, – деп толықтырды министр.

    Асхат Аймағамбетов өткен жылдың соңында балабақшаларға тексеру жүргізу қайта қолға алынғанын атап өтті. Нәтижесінде балабақшалардың 80 пайызы тексерістен өте алмаған.

    қатысты посттар

    Ресейде қазақстандық жоғары оқу орындарының филиалдары ашылады

    Фариза

    Енді түлектер колледжге түсу үшін емтихан тапсырмайды – БҒМ

    Фариза

    Мектептерде хиджаб киюге рұқсат етіле ме? – министрлік жауап берді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    one × four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.