8 C
Алматы
Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Білім және ғылым

    Таразда «Қауіпсіз мектеп» пилоттық жобасы жүзеге асуда

    Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласында мемлекеттік «Еңбек» бағдарламасы аясында ағымдағыжылдың өзінде 7500-ден аса адам жоспарланған. Сондай-ақ, мектептерде турникет және дабыл түймелерін орнату жұмыстары қызу жүргізілуде.


    Бұл туралы Тараз қаласының әкімі Ержан Жылқыбаевтың төрағалығымен өткен аппараттық жиында қаралды. Басқосу барысында мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы, қаладағы бей-берекет орналасқан сауда орындарын ретке келтіру жұмыстары, сақалды, заңсыз, «қызыл сызық» талаптары сақталмай салынған құрылыс нысандары, және жер телімдерін заңсыз иелену мәселелері сараланды,-деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі.


    «Еңбек» бағдарламасы аясында биыл 11 адамды жұмыспен қамту жоспарланса, бүгінде ол 92,1% орындалған. Бағдарлама аясында 270 адам қысқа мерзімдік курстардан өтуде «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне 900 адам оқуға жолданып, 857 адам сертификат алған.
    Сондай-ақ, «Қауіпсіз мектеп» пилоттық жобасы аясында 7 мектепке турникет және 60 мектепте дабыл түймесін (тревожная кнопка) орнату жұмыстары жүргізілуде.
    «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында бүгінде «Құмшағал», «Шөлдала» шағын аудандары мен 28 саяжай алабын, «Шалғай Қарасу 1,2,3,4,5,6,7» тұрғын алабтарын электрмен жабдықтау жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда «Көктем» тұрғын алабына газ тарату желісінің екінші кезеңі бастау алса, Құмшағал алабындағы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым желілері пайдалануға беріледі деп күтілуде.
    Жалпы Тараз қаласында 35 «Сақалды құрылыс» нысаны анықталып, иелерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде бір нысанның құрылысы толық аяқталып, 11 нысанның құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Қалған 23 нысанның иелеріне шара қолдану мақсатында құжаттары сотқа жолданған екен. Қала аумағында «қызыл сызық» нормаларын бұзып, заңсыз құрылыс жүргізген 59 нысан анықталып, 44 нысан иесіне айыппұл салынды. Қалған нысандарға қатысты тиісті жұмыстар жүргізілуде.
    Жиын соңында қала әкімі «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылып жатқан жобаларға талдау жасауды, жалпы бағдарламалр аясындағы көрсеткіштерді арттыру бағытында тиісті жұмыстар жүргізуді және білім мекемелеріне турникеттер орнату бойынша жұмыстарды жеделдетуді тапсырды.

    қатысты посттар

    Балаларды “ақымақ маймылдар” деп атаған мұғаліміге қатаң сөгіс жарияланды

    Фариза

    ҰБТ – 2020: санитарлық талаптар қатаң сақталуы тиіс

    Фариза

    Алматыда студенттерге өтірік балл қойған 11 оқытушы жұмыстан қуылған

    Фариза

    Пікір қалдыру

    2 × 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.