16 C
Алматы
Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары үйқамаққа ауыстырылды

    Маңғыстау облысында әкімнің орынбасары Ғалымжан Ниязов 24 наурызға дейін үйқамаққа ауыстырылды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz порталына сілтеме жасап.

    Бұл туралы облыстық сотта сөз болды.

    16 ақпанда тергеушінің өтініші бойынша Ғалымжан Ниязовтың “қамау” түріндегі бұлтартпау шарасы “үйқамаққа” өзгертілді.Маңғыстау облысы сотының баспасөз қызметі

    4 ақпанда Ниязовтың қамауға алынғаны туралы хабарланды.

    Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, ол ауыр зардаптарға әкеп соқтырған өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінген.

    Айта кетейік, сұйытылған мұнай газын жеткізуді Ғалымжан Ниязов қадағалаған.

    1 қаңтарда Маңғыстау облысында сұйытылған газ бағасы литріне 60 теңгеден 120 теңгеге дейін көтерілді. Жаңаөзен мен Ақтау тұрғындары бағаны төмендетуді талап етіп көшеге шықты. Нәтижесінде үкіметтік комиссия белсенділермен кездесіп, газ бағасы 50 теңгеге дейін төмендейтінін хабарлады.

    қатысты посттар

    Карантин жеңілдетілді: мейрамханаларға 50 адамға дейін жиналуға рұқсат етілді

    Фариза

    Болат Назарбаевтың ұлына үш адамды өлтірді деген айып тағылды – дереккөз

    Фариза

    43 градус ыстық: Елімізде ауа райы қалай болмақ?

    Пікір қалдыру

    six + 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.