23 C
Алматы
Жұма, 3 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    ҚР ЭМ Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаменті басшысымен тұтынушының электр энергиясынан заңсыз немесе заңды ажыратулар туралы қысқаша сұхбат

    Бекжан Мухидинұлы салеметсізбеБүгінгі сұхбатта сұрақтар электр қуаты өшірілу туралы болмақ. Үйдегі электр қуаты сөндірілсе алдымен не істеу керек?

    Сәлеметсізбе! Егер сіздің пәтеріңізде электр қуаты өшірілсе, алдымен өшіру себебін анықтау керек. Себептерінің бірі – техникалық себеп болуы мүмкін.1. Апат немесе желідегі (қосалқы станциядағы) жоспарлы жөндеулер, мұндай жағдайда сіз аварияның болуы және оны жою мерзімдері туралы ақпарат алу үшін өз аймағыңыздағы тиісті энергия беруші ұйымның авария қызметіне қоңырау шала аласыз.2. Көп пәтерлі үйдің жалпыүйлік электр желілеріндегі Авария немесе жоспарлы жөндеулер, мұндай жағдайда тиісті ақпаратты алу үшін тиісті қызмет көрсету ұйымына (ПИК яғни КСК, сервистік компания немесе өзге де мамандандырылған ұйымға) қоңырау шалу қажет.3. Пәтер желісінде шамадан тыс жүктеме немесе қысқа тұйықталу кезінде автоматты сақтандырғыш іске қосылды. Бұл жағдайда электр қондырғыларымен жұмыс тәжірибесі жоқ тұлғаларға ақауларды өз бетінше жою ұсынылмайды, ПИК (КСК) электрикін немесе ақауларды жоятын және сақтандырғышты ауыстыру үшін шаралар қабылдайтын басқа маманды шақыру қажет (қажет болған жағдайда).4. Тұтынушыда электр энергиясы үшін берешектің болуына байланысты ажырату.5. Тұтынушының қосылу схемасын бұзуына немесе өз бетінше қосылуына байланысты энергия беруші ұйым жүргізген ажырату.6. Және Өзге себептер яғни, техникалық емес себептер болуы мүмкін.

    Егер электр қуаты өшірілуі Сіз айтқандай техникалық себептер бойынша болмаса, қарапайым тұрғын не істеу қажет?

    Егер ажырату техникалық себептер бойынша болмаса, осы ажыратудың заңдылығы мен негізділігін анықтау қажет.Электр энергиясы үшін берешектің болуына байланысты ажырату абонентті ажыратудан бір ай бұрын жазбаша ескерту жағдайында ғана мүмкін болады, осыған байланысты Сіз электр энергиясын жеткізушіге берешектің бар-жоғын анықтау және ажырату туралы хабарлау үшін хабарласа аласыз. Электр энергиясы үшін төлем бойынша деректер сәйкес келмеген жағдайда төлемдерді салыстырып тексеру үшін төлем бойынша түбіртектерді ұсыну қажет.

    Электр энергиясын заңсыз ажырату жағдайларын айтып кетсеңіз.

    Төлем бойынша берешек болмаған жағдайда электр энергиясын ажырату заңды емес болып табылады. Бұл техникалық себептер болмаған жағдайда.Төлем бойынша қарыз болған жағдайда да, жоғарыда айтылғандай, тұтынушыны ажырату күніне дейін бір ай бұрын өшіру туралы алдын ала жазбаша хабардар еткен жағдайда, электр энергиясын өшіру жүргізілуі керек. Тұтынушының жазбаша ескертуінсіз электр энергиясын өшіру де заңды емес.

    Тұтынушыларға жеткізілетін электр энергиясының шоттарында, әдетте, “белгіленген мерзімде осы шотты төлемеген жағдайда, электр энергиясын беру өшірілетінін”деген жазулар болады. Бұл тұтынушыға берілген ажырату туралы алдын ала жазбаша хабарламасы деп санай аламызба?

    Шоттағы осы Сіз айтқан ескертуді көптеген энергиямен жабдықтаушы ұйымдар ” ажырату туралы алдын ала жазбаша хабарлама” деп санайды. Шын мәнінде, шоттағы ескерту ажырату туралы тиісті хабарлама болып табылмайды, өйткені онда болжамды ажырату күні, тұтынушыға тапсыру күні жоқ, тиісінше ескертудің бір айлық мерзімін сақтаудың болуы мен болмауын анықтауға мүмкіндік жоқ.

    Түсінікті. Электр энергиясын заңсыз ажыратудың салдары.

    Энергиямен жабдықтаушы ұйым өтініш берген сәттен бастап 1 жұмыс күні ішінде тұтынушыны қосуға міндетті. Бұл жағдайда тұтынушы келтірілген залалды өтеуге (Тоңазытқыш ерітілген, өнімдер бүлінген, техника өртеніп кеткен және т.б.), сондай-ақ моральдық залалды өтеуге құқылы.

    қатысты посттар

    Қызылорда облысында Абайды ұлықтауға арналған 600-ден аса шара өтті

    Фариза

    ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

    Фариза

    Белгілі қызылордалық кәсіпкер Сырдария ауданына өкпені жасанды желдету аппаратын алып берді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    fifteen + eighteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.