14 C
Алматы
Сенбі, 4 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Назарбаев даңғылын қайта Фурманов көшесіне “ауыстырды”

    Мемлекеттік Хабар арнасы ақпарат тарату барысында Назарбаев даңғылын Фурманов көшесі деп атады, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі.

    “Алматы қаласының полицейлері шаһардағы орталық көшелерінің екі бірдей участкасын жауып тастады. Қазір онда лаңкестікке қарсы операция жүргізіліп жатыр. Бұл ақпаратты Полиция департаменті растады. Атап айтқанда Абылай хан даңғылының Мақатаев көшесінен Бөгенбай көшесіне дейінгі және Толе би көшесінің Желтоқсан, Фурманов қиылысына дейін жабылды”, – деп хабарлады арнаның тілшісі.

    Естеріңізге сала кетсек, бейбіт митингке шыққан тұрғындар қазіргі Нұр-сұлтан қаласына бұрынғы атауын қайтарып беруін сұраған болатын. Сондай-ақ Алматыдағы болған қақтығыс кезінде Назарбаев даңғылындағы көше аты жазылған белгілерді түгел дерлік қала халқы қиратып кеткен.

    Қазақстанның тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың есімі Иорданияның Амман қаласындағы және Шешен Республикасының Грозный қаласындағы көшелердің біріне берілген болатын. Бұлардан өзге, Қазақстанның Тұңғыш Президентінің есімімен Түркияның бірнеше қалаларының көшелері аталады, Татарстан астанасы Қазаннның магистральды көшесіне Елбасы есімі берілген. 

    қатысты посттар

    Қызылорда облысында волонтерлар «Халық алғысы» медалімен марапатталды

    Фариза

    Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Жалағаш ауданының эпидемиологиялық ахуалына қатысты селектор өтті

    Фариза

    Қазалы ауданында жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде

    Фариза

    Пікір қалдыру

    20 + four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.