11 C
Алматы
Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қазалы ауданында жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде

    Қазалы ауданының орталығы – Әйтеке би кентіндегі Жанқожа батыр көшесіне жөндеу жұмыстары басталды.

    Жол жөндеу жұмыстарына аудандық бюджеттен 102,2 млн теңге қаржы бөлінді.

    Қазіргі таңда, «Қазалы Жолшы» ЖШС-ның жұмысшылары кенттегі басты көшенің қатты бұзылған учаскелерінің асфальт қабатын қырып жатыр. Мұнан соң қиыршық тас пен гравилі құм қоспасы араласқан материал төсеп, 2 қабатты асфальт салуды бастайды. Сонымен қатар, көшелер қиылысына асфальт төсеу, жол жабындары бекіту (обочина), жол белгілерін орнатып, жолақтар сызу жұмыстарын жүргізетін болады.

    Айта кетейік, аудандағы жолдарды жөндеу мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Мәселен өткен жылы Әйтеке би кентінде Жалаңтөс батыр, С.Сүлейменов, Жетес би, Мағзаман әулие және Ж.Аймауытов сияқты 5 көше жөндеуден өтті.

    Ал, осы жылы М.Ғабдуллин, Қ.Сәтбаев, Р.Бағланова көшелеріне қайта жаңғырту, Ә.Тыныбаев, Желтоқсан, Төле би, Т.Әубәкіров, С.Сейфуллин, Ж.Шерипов, Ж.Ақбаев, Ә.Молдағұлова, Н.Жәлімбетов, Сырым батыр, Біржан сал, Б.Нұрпейісов көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

    қатысты посттар

    Жүйелі жұмыс жүргізе алмаған бірқатар басшыларға қатаң ескерту жасалып, сөгіс жарияланды

    Фариза

    Астанада жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасына өтінімдер қабылдау басталды

    Фариза

    Қазақстандықтар мемлекетке 24,3 миллиард теңге қарыз

    Фариза

    Пікір қалдыру

    twelve − two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.