10 C
Алматы
Сәрсенбі, 17 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қазақстандықтар мемлекетке 24,3 миллиард теңге қарыз

    Қазақстандықтар мемлекетке 24,3 миллиард теңге қарыз, – деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.  

    Ведомство мәліметінше, жалпы республика бойынша бүгінде жеке тұлғалардың мүлік салығы, жер салығы және көлік құралдары салығы бойынша берешегі 919 мың салық төлеуші бойынша 24,3 миллиард теңгеге жетті, оның ішінде берешектің негізгі сомасы көлік құралдары салығына тиесілі – 22,8 миллиард теңге. 

    Олардың ішінде көлік құралдары салығы бойынша салық міндеттемелерінен жалтарған автокөлік иелерінің ең көп саны келесі өңірлерде тіркелген:

    • Алматыда – 88 мың борышкер бойынша берешек 5,2 миллиард теңге;
    • Алматы облысы – 132 мың борышкер бойынша берешек 3,9 миллиард теңге;
    • Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында – тиісінше 2,6 миллиард теңге және 1,9 миллиард теңге берешегі бар 76 мың борышкерден.

    МКК өкілдері 2021 жылға жеке тұлғалардың көлік құралдарына салық төлеу мерзімі 2022 жылғы 1 сәуірде аяқталғанын еске салды.

    2022 жылғы 17 мамырдан бастап салық сомасын уақтылы төлемеген тұлғаларға 1 АЕК-тен жоғары берешек сомалары бойынша жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы салық бұйрықтарын жолдау басталды.

    Берешек төленбеген жағдайда салық бұйрығы табыс етілген күннен кейін 5 жұмыс күні өткен соң, жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына мәжбүрлеп орындатуға жіберіледі. Өз кезегінде, жеке сот орындаушылары “Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес банк шоттары мен мүлкіне тыйым салу түрінде мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдануға құқығы бар. Егер қарыз 40 АЕК-тен асса, азаматқа елден шығуға тыйым салынуы мүмкін. 

    қатысты посттар

    Қазалыда баспанаға мұқтаж 2 отбасыға үй салынуда

    Фариза

    Қызылорда облысында 2019 жылғы күріш өнімінің тоннасына субсидия төленуде

    Фариза

    Сағынтаев қар құрсауында қалған қазақстандық альпинистерге байланысты мәлімдеме жасады

    Пікір қалдыру

    4 × four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.