-14.1 C
Алматы
Вторник, 24 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Алматыда ҚБТУ маңында ОМОН-дар мен өрт сөндіру көліктері жиналуда

    Алматыда төтенше жағдай режимі аяқталған тұста тағы да халықтың тыныштығын алған оқиға орын алуда. Қазақ-Британ техникалық университетінің маңына жиналған өрт сөндіру көліктері мен қаптаған полиция қызметкерлері халықтың зәресін алуда, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі.

    Қазіргі таңда Қазақ-Британ техникалық университеті маңындағы барлық дерлік дүкендер жабылып жатыр. Сондай-ақ аталған орынға ОМОН қызметкерлері де жеткізілген.

    Сыбыс бойынша бүгін алаңға митинг жасаушылар жиналуы керек. Күні кеше ғана қантагөспен өткен «бейбіт шеруді» халықтың көзі көрді. Оқиғаның салдарынан жазықсыз қаза болғандарды жер қойнына тапсырғалы да ұзақ уақыт өте қойған жоқ. Бейбіт шеру деп шыққандардың арты орны толмас қаза мен қаланың өртке орануына алып келгенін барлығымыз білеміз. Қазаның арты суымай тұрып, халықты ереуілге шақырып, қайта көтеру қаншалықты дұрыс?

    Күні кеше болған оқиғадан кейін ОМОН қызметкерлері мен полициялар да ендігі болатын митингтерге арнайы дайындықпен келетіні де белгілі. Төтенше жағдай аяқталғанымен халық арасында әлі де арандатушылар бар екендігін ұмытпайық!


    қатысты посттар

    Мобильді аударымдар мен төлемдер: қалай ажыратамыз?

    Фариза

    Әскерден жалтарғандарға 3 млн теңгеден аса айыппұл салынады – Қорғаныс министрлігі

    Фариза

    «Жас кәсіпкер»: Қызылорда облысында өз кәсібін ашқан жастардың қатары артуда

    Фариза

    Пікір қалдыру

    three × 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.