7 C
Алматы
Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    19 жастағы жоғалып кеткен жүкті қызға байланысты жаңа деректер шықты

    Еріктілер Алматыда жоғалып кеткен 19 жастағы жүкті келіншектің табылғанын айтты, – деп хабарлайды Qazweek.kz ақпараттық агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

    “Дана Цейзерді үш күн іздестірдік. Ол жүктілігінің 7-аптасында, үйден қомақты сомамен шығып, таксиге отырып, сол күйі оралмаған еді. Lider.kz еріктілері Алматыдағы барлық аурухана мен перзентхананы тексеріп шықты,  “Саяхат”, Көк базар, Арбатты аралып қайтты. Пәтерін жалға беретіндердің барлығынан сұрастырды. Дананы ешкім көрмеген болып шықты, телефоны да сөндірулі тұрды. Бір жарым сағат бұрын біреулер бір жүкті келіншекті Есік қаласы маңындан көрген екен. Еріктілер бірден сол жерге барып, келіншекті тапты”, -деп жазған еріктілер тобы Instagram желісіндегі парақшасында.

    Осылайша, олардың айтуынша, қыз осы күнге дейін күйеуімен жалдамалы пәтерде болған. “Жолдасымен бірге сол жақтан пәтер жалдап тұрған. Олардың мұндай әрекетке неліктен барғаны әлі белгісіз. Бірақ осы күнге дейін өзін қоярға жер таппаған туыстарына жанын ашиды”, – делінген еріктілердің хабарламасында. Еске салайық, мұның алдында Алматыда 19 жастағы жүкті келіншектің жоғалып кеткені жайлы хабарланған еді. Оны іздестіру жұмыстарына полицейлер мен еріктілер қосылған еді.

    қатысты посттар

    Қазалыда кәсіпкерлік субъектілерінің саны артты

    Фариза

    Бақыт Сұлтанов: Азық-түлік тауарларының бағасы қолжетімді болады

    Фариза

    Қазалы ауданында ауыз су сервистік желіге қосылады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    4 × 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.