-9.1 C
Алматы
Воскресенье, 29 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Елімізде 5 қаңтардан бастап «омикрон» штаммға байланысты шектеулер енгізілуі мүмкін

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев үкімет отырысында 2022 жылдың 5 қаңтарынан бастап елімізде қосымша профилактикалық шаралар енгізу жоспары туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz порталына сілтеме жасап

    Жандос Бүркітбаев эпидемиологиялық жағдайға әсер ететін жағымсыз факторлардың бірі – әлемде «омикрон» штамм нұсқасының таралу қарқынының жоғары екенін айтты.

    30 қарашадағы жағдай бойынша «омикрон» штамм 16 елде, ал бүгінде әлемнің 110 елінде анықталды. Вирустың таралу деңгейі жоғары – 1:5 және қайта жұқтыру қаупі жоғары, — Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев

    Ол Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамын жариялады, оған сәйкес ауру бірнеше айдың ішінде бүкіл әлемге тарайды.

    Сауда және ойын-сауық орталықтарына, сауда үйлеріне, сауда желілеріне, спорттық-сауықтыру орталықтары мен фитнес орталықтарына, йога орталықтарына, караоке, бассейндерге, сауналарға, ванналарға, банктерге, «Қазпочта» АҚ филиалдарына, халыққа қызмет көрсету орталықтарына кіруге рұқсат беру бөлігінде қосымша профилактикалық шараларды енгізу ұсынылады: ASHYQ мобильді қосымшасы бойынша «жасыл» мәртебесі бар тұлғаларға ғана. Бұл норманы 2022 жылдың 5 қаңтарынан бастап енгізуді ұсынамыз, — Жандос Бүркітбаев

    қатысты посттар

    «Халық санының өсуі тоқал-моқал секілді «шыжың байталға» қарап қалып па?

    Арыстықтар көптен күткен 100 мың теңгеге қол жеткізді (фото)

    Алматыда тегін дәрі-дәрмектердің тізімі кеңейтіледі

    Фариза

    Пікір қалдыру

    14 − five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.