15 C
Алматы
Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорда қалалық ауруханасы қалыпты жұмысқа көшті

    Сыр өңірінде эпидемиологиялық ахуалдың тұрақталып, індетпен ауырған науқастардың азаюына байланысты провизорлық, инфекциялық стационарлар жабылып, бірқатар ауруханалар қалыпты жұмысқа көшкен болатын. Соның бірі – көпбейінді қалалық аурухана.

    Көпбейінді қалалық аурухана 10 тамыздан бастап жедел және жоспарлы келген науқастарды қабылдауды қайта бастады. Аурухана бұрынғы жұмыс жүйесіне көшкен күннен бастап, яғни 10 тамыз жедел қабылдау күніне сәйкес келуіне байланысты ауруханаға 80-ге жуық науқас қаралып, оның ішінде 30 науқас көрсеткіші бойынша ем алуға жатқызылды. Оның ішінде, кардиологиялық, терапиялық, гинекологиялық, травматологиялық, хирургиялық бейіндері бойынша науқастар жатқызылып, ота қажет ететін науқастарға оталары жасалды.

    Сонымен қатар 11 тамыздан бастап амбулаторлы емханалар жолдамасы арқылы жоспарлы түрдегі науқастар портал бойынша ауруханаға жатқызылуда.

    Айта кетейік, көпбейінді қалалық аурухана аптасына 4 күн, яғни аптаның дүйсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, сенбі күндері науқастарды шұғыл түрде қабылдаса, жоспарлы ем алу қызметі өз жұмысын күнделікті жалғастыратын болады.

    қатысты посттар

    Қызылорда облысынан 47 мың тонна ауыл шаруашылығы тауары экспортталған

    Фариза

    Біздің елде әлі күнге қуғын-сүргін құрбандарына бір минуттық үнсіздік құрметі көрсетілмейді

    Фариза

    Бақытжан Сайлыбаев: Еліміздің бағыты айқындалған басты құжат

    Фариза

    Пікір қалдыру

    9 − three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.