Жұма, 3 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Елімізде 5 қаңтардан бастап «омикрон» штаммға байланысты шектеулер енгізілуі мүмкін

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев үкімет отырысында 2022 жылдың 5 қаңтарынан бастап елімізде қосымша профилактикалық шаралар енгізу жоспары туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz порталына сілтеме жасап

    Жандос Бүркітбаев эпидемиологиялық жағдайға әсер ететін жағымсыз факторлардың бірі – әлемде “омикрон” штамм нұсқасының таралу қарқынының жоғары екенін айтты.

    30 қарашадағы жағдай бойынша “омикрон” штамм 16 елде, ал бүгінде әлемнің 110 елінде анықталды. Вирустың таралу деңгейі жоғары – 1:5 және қайта жұқтыру қаупі жоғары, – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев

    Ол Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамын жариялады, оған сәйкес ауру бірнеше айдың ішінде бүкіл әлемге тарайды.

    Сауда және ойын-сауық орталықтарына, сауда үйлеріне, сауда желілеріне, спорттық-сауықтыру орталықтары мен фитнес орталықтарына, йога орталықтарына, караоке, бассейндерге, сауналарға, ванналарға, банктерге, «Қазпочта» АҚ филиалдарына, халыққа қызмет көрсету орталықтарына кіруге рұқсат беру бөлігінде қосымша профилактикалық шараларды енгізу ұсынылады: ASHYQ мобильді қосымшасы бойынша «жасыл» мәртебесі бар тұлғаларға ғана. Бұл норманы 2022 жылдың 5 қаңтарынан бастап енгізуді ұсынамыз, – Жандос Бүркітбаев

    қатысты посттар

    Қуат Хамитов 6 айға бас бостандығынан шектелді

    Фариза

    Қызылорда облысында ауыл шаруашылығы дақылдарынан межелі өнім жиналуда

    Фариза

    Атырау соты Макс Боқаевтың арызын қанағаттандырмай тастады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    5 × five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.