15 C
Алматы
Сәрсенбі, 1 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Мемлекеттің 116 680 теңге сыйақысын қалай алуға болады?

    «Отбасы банк» салымшылары жыл сайын 20 пайыз көлемінде мемлекеттік сыйақы алады. Бірақ ол үшін қажетті ережелерді сақтауы тиіс, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Express Qazaqstan порталына сілтеме жасап.

    Сыйақы 200 айлық есептік көрсеткіштен немесе 583 400 теңгеден аспайтын жинақ сомасына қосылады. Яғни, егер клиент бір жылдың ішінде бұл қаражатты өз депозитінде жинаса немесе бірден шотқа салса, онда 2021 жылдың қорытындысы бойынша ол ең жоғарғы сыйақы — 116 680 теңгені ала алады.

    20 пайыз көлеміндегі мемлекеттік бонусты алу үшін Отбасы банк салымшылары биылғы жылдың 31-ші желтоқсанына дейін жаңадан шот ашып, оған қаражат салып немесе бұған дейін ашқан депозиттерін толықтырулары қажет.

    “Өткен жылдың қорытындысы бойынша 1 490 876 салымшыға 50,5 миллиард теңге көлемінде мемлекеттік сыйақы төленді. Заң бойынша банк салымшыларына берілетін сыйақыны төлеу міндеті мемлекетке жүктелетінін атап өткім келеді”, — деп түсіндірді “Отбасы банк” АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.

    Жылдық 2 пайыз көлеміндегі Банктің және мемлекеттік сыйақыны қоса алғанда, Отбасы банк депозиттері бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 14 пайызға дейін баратын жоғары табыстылыққа ие.

    Тағы бір ескеретіні, бұған дейін мемлекет тарапынан сыйақы берілген сомаға мемлекет сыйақысы түспейді, яғни ол жыл сайын бір жыл ішінде жиналған жаңа салымдар мен алдыңғы жылы есептелмеген сомаға қосылады. Егер алдыңғы жылғы депозитке салынған сома 200 АЕК-тен жоғары болса, онда қалған салым сомасына осы жылдың қорытындысы бойынша сыйақы түседі.

    Егер салымшының банкте бірнеше депозиті болса, онда мемлекет сыйақысы солардың тек біреуіне ғана есептеледі.

    қатысты посттар

    Назарбаев даңғылын қайта Фурманов көшесіне “ауыстырды”

    Фариза

    Қызылорда: Облыс әкімдігінде Жолдау дөңгелек үстел форматында талқыланды

    Фариза

    Елжан Біртановтың адвокаттары Президенттен көмек сұрады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eight + 18 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.