8 C
Алматы
Жексенбі, 28 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Таразда Ж. Үшкемпіровке арналған республикалық ашық турнир басталды

    Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Таразда грек-рим күресінен Олимпиада және әлем чемпионы, Қазақстанның Еңбек Ері Жақсылық Үшкемпіровты еске алуға арналған Тараз қаласында жасөспірімдер арасындағы ашық республикалық турнир басталды. Байрақты бәсекеде ел спортшыларымен бірге Қырғыз Республикасы, Өзбекстан, Тәжікстаннан келген 350-ге жуық спортшы күш сынаспақ.

    Ж. Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында өткен турнирдің ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі Бердібек Сапарбаев спортшыларға сәттілік тіледі.

    Біз бүгін Мәскеу Олимпиадасының және әлем чемпионы Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында Жақсылық Үшкемпіровке арналған республикалық ашық турнирге жиналып отырмыз. Елімізді әлемге танытқан Жақсылықтай тұлғалардан жасөспірімдер үлгі алуы тиіс.
    Талай чемпионды түлеткен Әулиеата топырағынан әлі де Олимпиада, әлем чемпиондары шыға береді деп сенемін. Бүгінгі іс-шараға да Олимпиада, әлем чемпиондарының құрметті қонақ болып келуі бекер емес. Себебі, Олимпиада чемпиондары Ермахан Ыбырайымов, Юрий Миличенко, Олимпиада жүлдегерлері Болат Жұмәділов, Елдос Сметов, Ақжүрек Таңатаровтардың осы жарыстан бой көрсетуі – жасөсіпрімдерге үлкен күш-жігер береді. Жарысқа қатысушылардың барлығына сәттілік тілеймін, алыс-жақын шетелдерден келген жас спортшыларға ризашылығымды білдіремін,-деді аймақ басшысы.

    Мұнан соң Олимпиада чемпиондары Ермахан Ыбырайымов, Юрий Миличенко сөз алып, спортта жеңіске жету – үлкен еңбек пен сәттілікті талап ететінін баса айтып, Жақсылық Үшкемпіровтың даңқты жолынан сыр шертті.

    Мәскеу Олимпиадасының чемпионының туған әпкесі Шырынкүл Үшкемпірова тебірене сөз сөйлеп, бауыры Жақсылық Үшкемпіровке көрсетіліп жатқан барлық құрметтері үшін Елбасына, Президентке, облыс әкімі Бердібек Сапарбаевқа алғысын білдірді.

    Мұнан соң боз кілемде күрес басталып кетті. Жарыстың алғашқы жекпе жектерінде жамбылдық балуандар 51 салмақтағы Аян Махметәлі, 71 салмақтағы Бейбарыс Шымырбек жеңіске жетіп жерлестерін қуандырса, қырғыз балуаны Сәбит Шәмшиди де ақтөбелік Нұрлан Ақылбектен айласын асырды.

    Турнир 14 қазанға дейін жалғасатын болады.

    қатысты посттар

    Шымкентте өкпесінің 90 пайызы қабынған 82 жастағы әжей пневмониядан айықты

    Фариза

    Қызылорда облысында 7 типтік мал қорымы салынуда

    Фариза

    Шымкенттегі төрт ауруханаға оттегі бекеті орнатылады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    19 − eighteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.