13 C
Алматы
Сәрсенбі, 1 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкентте өкпесінің 90 пайызы қабынған 82 жастағы әжей пневмониядан айықты

    Шымкенттік дәрігерлер өкпесінің 90 пайызы қабынған әжейді аман қалып қалды. Өкпесіндегі дерті асқынған әжей Галина Хрущева 2020 жылдың 26 маусымы күні қалалық №1 клиникалық ауруханаға ауыр халде жедел жәрдеммен жеткізілген. Дәрігерлер егде жастағы кісіге “Пневмония” диагнозын қойған.

    Қарт кісіні тексере келе мамандар оның өкпесінің 90 пайызы зақымданғанын анықтайды. Бұған қоса науқастың өкпесінен қан кеткен.

    Денсаулық жағдайының ауырлауына байланысты дәрігерлер әжейді 30 маусым күні жансақтау бөліміне ауыстырады. Жансақтау бөлімінде науқасқа COVID-19 емдеу хаттамасына сәйкес медициналық көмек көрсетіледі.

    Нәтижесінде қарт кісінің денсаулығы жақсарып, 06.07.2020 жылы ауруханадан шығарылды.

    Дәрігерлер 82 жастағы қарияның қазіргі жағдайы жақсы дейді. Ал әжей өзін ажалдан арашалап қалған медицина мамандарына алғысын білдірді.

    «Барлық медицина мамандарына алғыс айтамын! Әрдайым сақтанып жүріңіздер”, — дейді 82 жастағы Галина Хрущева.

    https://www.facebook.com/100009066549312/posts/2544390335873160/?d=n

    Фариза Жандар

    қатысты посттар

    Көкпекті ауданында “Толағай сұлтаны-2019” шығармашылық байқауы басталды

    Қызылорда: Бизнес өкілдері МӘМС жарналарынан келесі жылға дейін босатылған

    Фариза

    Отбасын сақтау – елдіктің белгісі

    Пікір қалдыру

    nineteen − five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.