Жұма, 3 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Ақмола облысында 15 жастағы қыз өз-өзіне қол салды

    Ақмола облысы Астрахан ауылында 15 жасар қыз өз-өзіне қол салды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz порталына сілтеме жасап

    Үйінің ауласындағы сарайда асылып тұрған жерінен тапқан, дейді “Астана” телеарнасы. Ашық-жарқын қыздың аяқ астынан мұндай әрекетке неге барғанын ешкім түсіне алар емес. Полиция тергеуді бастады.

    Гүлнар Пинчук, Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің басшысы:

    Аталған факт бойынша ҚР 105-бабымен “Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу” сот медициналық сараптамасы тағайындалды. Тергеу жүргізілуде.

    Білім басқармасының мәліметінше, жыл басынан бері ақмолалық оқушылар арасында 8 өз-өзіне қол жұмсау жағдайы болған. Сондай-ақ 21 бала суицид жасауға әрекет жасаған.

    Мектеп басшылығы да 9 сынып оқушысының қазасына сене алмай отыр. Өте ақкөңіл, көпшіл еді деп еске алады мектеп директоры.

    Сәуле Балабаева, Астрахан ауылы №1 жалпы орта мектебінің директоры:

    Қыз көпшіл, өмірге құштар бала болып өсті. Мінезі ашық, би үйірмесіне қатысқан. Мектеп психологының айтуынша, суицидке бейімделу белгілерін көрсетпеген. Қазіргі таңда отбасына психологиялық көмек көрсетілуде.

    қатысты посттар

    Кара шанырак ҚазҰУ-ға 85 жыл

    Фариза

    Қазақстанда Qnet компаниясына қатысты қылмыстық тергеу басталды

    Фариза

    Заңсыз митингке шыққандарға заңды шаралар қолданылмақ

    Пікір қалдыру

    4 × one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.