20 C
Алматы
Жұма, 3 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Қазақстанда Qnet компаниясына қатысты қылмыстық тергеу басталды

    Qnet компаниясына қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Әбдірахманов айтты, – деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    “Халыққа ақпарат беру мақсатында Qnet компаниясының қызметіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексі 217-бабы (“Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету”) бойынша Алматы қаласы ПД Соталды тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелген қылмыстық іс тергеліп жатқанын хабарлаймын”, – деп жазды ол Telegram-каналында

    Рустам Әбдірахмановтың мәліметінше, тергеу барысы ҚР Бас прокуратурасы, Ішкі істер министрлігі, Алматы қаласы прокуратурасы мен Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында, жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

    “Qnet ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес кәсіпкерлік қызмет жүргізбейді, компанияның банктік және инвестициялық қызметті жүзеге асыруға лицензиялары мен өзге де рұқсат құжаттары, сондай-ақ банк операциялары жоқ.

    Халықтан қырағы болуын және қаржы ресурстарын инвестициялауды қадағалауды сұраймын. Құқық қорғау органдарына Qnet компаниясы материалдық шығын келтіргені туралы арызбен 220-дан аса адам жүгінген”, – деді Алматы ПД басшысының орынбасары. 

    қатысты посттар

    Жамбыл облысында мерзімді қызметтегі сарбаз өз-өзіне қол жұмсады

    Фариза

    «Жастық челленджін» жалғастырған Алматы Полиция департаменті басшысының орынбасарының ісіне қатысты тексеріс басталды

    Фариза

    Алматыда әйел адам кішкентай баланы көлік жүретін жолға қалдырып кеткен

    Фариза

    Пікір қалдыру

    nineteen − seventeen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.