9 C
Алматы
Сенбі, 27 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Жамбылда денсаулық сақтау саласына айрықша ден қойылған

    Жамбылда қауіпті дертпен күрес қарқынды жүргізілуде. Әлем жұртшылығын әбігерге салған коронавирус пандемиясы экономикамызбен қатар халқымыз­дың денсаулығына үлкен нұқсан келтірді. Дер кезінде қабылданған шаралардың нәтижесінде індетті барынша ауыздықтай алдық. Пан­демия басталғалы облыс бойынша 20,9 мыңнан аса науқас тіркелсе, оның 20,1 мыңы айығып, 441-і ин­фекциялық стационарда ем қа­был­дады. Ал реанимациялық төсекте 44 науқас жатса, карантиндік ста­ционарға 6 адам орналастырылды. Облыстық оңалту орталығында 2 494 науқас оңалтудан өтті.

    Медицина ұйымдарында ін­дет жұқтырған науқастарды емдеу үшін жалпы 4 760 төсек қоры жұмыл­ды­рылған, оның ішінде 501-і реа­ни­мациялық төсек.

    Облыстағы эпидемиологиялық ахуалды жақсарту мақсатында инфекциямен күресуге жалпы 9,1 миллиард теңге бөлінді. Бүгінге қосымша 2 МРТ, 3 КТ, 2 УЗИ, 2 гемодиализ, 24 «Хайфло» аппараты, 108 дана функционалдық кереует сатып алынды. Сонымен бірге әулие­аталықтарды COVID-19 ко­ронавирус инфекциясына қарсы вакцина салумен қамту мақсатында 45 егу пункті қызмет көрсетеді. Жү­йелі жүргізілген түсіндіру жұмыс­тарының арқасында облыста 554,0 мың адам екпе алды.

    Отандық фармацевтика өнер­кәсібіндегі өнім көлемі де 2,8 есеге өсті. COVID-19 коронавирус ин­фек­циясына қарсы вакцина әзір­лейтін биофармацевтикалық зауыт биыл толық іске қосылады. Бүгінде институт базасында өндірілген QazVac вакцинасының 109 180 дозасы жеткізілді.

    Халықтың денсаулығы қашанда маңызды орынға ие. Сондықтан өңірімізде медицина мамандарын даярлауға күш салынуда. Осы орай­да аймақта С.Асфендияров атын­дағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің филиалы ашылды. Сондай-ақ Primary Health Care ұлт­тық қауымдастығымен жасалған ын­тымақтастық туралы мемо­ран­дум аясында 4 үздік тәжірибе орта­лығы құрылды.

    Тұңғыш Президенттің «Қам­қорлық қоры» бастамасымен өңі­рі­мізде Жамбыл облыстық көп­бе­йін­ді балалар ауруханасы жанынан 120 төсек-орындық «Қамқорлық» оңал­ту орталығы ашылып, онда 1 352 бала ем қабылдайды.

    Денсаулық сақтау саласында биыл облыстық көп­бе­йінді онко­логия және хирургия орталығының құрылысы аяқталды.

    қатысты посттар

    Ж.Жабаев – 175 жыл: Жамбылда халықаралық конференция өтті

    Фариза

    Б. Сапарбаев: әкімдер вакцинация мәселесіне жауапкершілікпен қарауы тиіс

    Фариза

    Қазақстан және Өзбекстан Кәсіподақтар федерациясы Мақтаарал тұрғындарына 66 миллион теңгенің бірлескен қайырымдылық көмегін көрсетті

    Фариза

    Пікір қалдыру

    twelve − five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.