9 C
Алматы
Жұма, 3 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Б. Сапарбаев: әкімдер вакцинация мәселесіне жауапкершілікпен қарауы тиіс

    Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кезекті аппараттық кеңесте өңірдегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал, жалпыұлттық санаққа қатысты мәселелер талқыланды.

    Соңғы екі аптада коронавирус жұқтырғандар саны 1193-тен 626-ға дейін төмендеді. Қазіргі таңда инфекциялық стационарларда 1313 адам ем алуда, төсек-орын 37 пайызға толтырылған. Жансақтау бөлімінде 120 адам жатыр.
    Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев бүгінгі күнге дейін 403 516 жамбылдық немесе екпе алуға жататын жалпы жоспардағы тұрғындардың 69,5 пайызы вакцина қабылдағанын жеткізді. Төмен көрсеткіштер Тараз, Талас, Жуалы, Шу, Мойынқұм аудандарында тіркелуде.

    Аймақ басшысы вакцинациялау нәтижесіне көңілі толмайтынын жеткізді.

    Неліктен біздің өңірде вакцинация көрсеткіші төмен? Аудан әкімдері бұл мәселені жеке өздері, тұрақты түрде бақылауға алуы тиіс. Дәл қазір вакцинация мәселесіне жауапкершілікпен қарау керек. Бұл орайда ауыл әкімдерімен тығыз жұмыс жасау қажет. Олар күн сайын екпе алғандардың саны туралы жаңа мәліметтер беріп отыруы керек. Әкімдер бұл істе ұйымдастырушылық, іскерлік қабілеттерін барынша таныта түскені абзал. Халық сайлаған әкімдерге үлкен жауапкершілік жүктеледі. Олар өздеріне артылған сенімді ақтауы, үйлестірушілік қабілеттерін көрсетуі тиіс. Вакцинация халық арасында ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға және инфекцияның одан әрі таралуын шектеуге мүмкіндік береді. Дәл осы фактор пандемиямен күресте аса маңызды, – деді облыс әкімі.


    Жиынның күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша жалпыұлттық халық санағын өткізу жайы қаралды.
    Бірінші қыркүйекте Қазақстанда ұлттық халық санағы басталды. Ол «Қазақстанда әркім маңызды!» ұранымен өтуде. 1 қыркүйектен 15 қазанға дейін sanaq.gov.kz сайты арқылы онлайн-режимде тіркелуге болады. Статистика департаментінің басшысы Сырым Мәдиев 6 қыркүйектегі деректер бойынша 18240 жамбылдық онлайн-сауалнамадан өткенін хабарлады.
    Облыс әкімі жауапты тұлғаларға интервьюерлердің қоғамдық көлікте тегін жүру мәселесін шешу, халық арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту жөнінде бірқатар тапсырма жүктеді.

    қатысты посттар

    Шымкент: Қала әкімі жергілікті кәсіпкерлермен кездесті

    Фариза

    ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ МЕКЕМЕЛЕРІ ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ТОЛЫҚ ДАЙЫН

    Фариза

    Шымкент: орман тұқымбағында күзгі жер жырту жұмыстары басталды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    15 + three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.