-5.1 C
Алматы
Воскресенье, 24 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Сарысуда азық-түлік қоры жеткілікті

    Жамбыл облысы Сарысу ауданында азық-түлік қоры жеткілікті. Бүгінде ауданда әлеуметтік маңызы бар 19 тауардың 3 түрінің (Құмшекер, өсімдік майы, қарақұмық) бағасы 20-25%-ға жоғары қалыптасып отыр .

    Осы орайда, «Тараз ӘКК» тұрақтандыру қорына бірнеше рет хат жолданып, сұраныс ішінара қанағаттандырылды.
    Жалпы, аудан көлемінде 2 әлеуметтік дүкен тұрақты жұмыс істеуде. Оларда жыл басынан бері 95,3 тонна азық-түлік сатылды.

    Оның ішінде облыстық тұрақтары қорынан алынған 1,4 тонна күріш, 15 тонна құмшекер, 1 100 литр өсімдік майы, 150 килограмм қарақұмық, 500 килограмм ұн және 5 040 дана жұмыртқа жеткізіп, сатылымға шығарылды.
    Жыл соңына дейін қосымша тағы 2 әлеуметтік дүкен ашу жоспарда.

    Ауданда жыл басынан бері 43 мәрте орталық базарда азық-түлік және азық түлік емес жәрмеңкелері ұйымдастырылды.
    Жәрмеңкеде ауыл шаруашылығы өнімдері нарықтан 8-20% төмен бағадан өткерілді.

    Сондай-ақ, үстіміздегі жылдың мамыр-маусым айларында Түркістан облысы маңындағы шаруалардан 20,0 тонна картоп (120 теңге), «Шымкент-Құс» ЖШС-нен 150 қорап (54 000 дана) жұмыртқа (20 теңге) және 400 келі тауық еті әкелініп, Жаңатас қаласындағы әлеуметік дүкенде және апта сайын болатын орталық базардағы жәрмеңкеде аудан тұрғындарына сатылды.
    Сонымен қатар, аудандағы «Асыл-Тұз» ЖШС-нің тұздарын әлеуметтік дүкенге ортадағы делдалсыз алатындай жағдай жасалды.

    Жуалы ауданындағы «Шарипов Хабиб» шаруашылығынан картоп, «Әулие-Ата Феникс» ЖШС-нен тауық етін және Жамбыл ауданындағы «Аса Даму» құс фабрикасынан жұмыртқа алуға келісім әзірленді.

    Аудан деңгейіндегі негізгі азық-түліктің бағасын бақылау мен негізсіз көтерудің алдын алу мақсатында арнайы бағаны тұрақтандыру комиссиясы құрылған олар апта сайын тұрақты жұмыс атқарып келеді апта ішінде 80 нысанға мониторинг жүргізілді.

    Облыс әкімдігі бекіткен «Азық-түлік тауарларына шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағаларының мөлшерін бекіту туралы» қаулысымен таныстырды.

    Бүгінгі күнге жалпы бағанын өсуіне жол бермеу мақсатында 12 шаруа қожалықтар және кәсіпкерлермен күріш 28 тонна, ұн 100 тонна, 500,0 мың бөлке нан, макорон өнімдері 21 тонна, сиыр еті 8 тонна, тауық еті 11 тонна, сүт, айран 50 тонна, сүзбе 2 тонна, тауық жұмыртқасы 294,0 мың дана, сары май 5 тонна, өсімдік майы 13 тонна, қырыққабат 11 тонна, пияз 178 тонна, сәбіз 25 тонна, картоп 111 тонна, қант 14 тонна, тұз 16,0 тонна барлығы 493 тонна тауарға меморондум жасақталған.
    Жалпы аудандағы азық-түліктің қалдығы да бақылауда .

    Қолдағы қор аудан халқына жеткілікті. Бұл аудан әкімі Марат Сұлтанғалиевтың күн тәртібінен түскен емес. Таусылған тауарларды әкелу шаралары кәсіпкерлер тарапынан тұрақты түрде кедергісіз жүргізіліп келеді.

    қатысты посттар

    Елтай тұрғын алабындағы көпір құрылысы қазан айында аяқталады

    Фариза

    Қызылорда: Жалағаштықтар 5000 тонна күріш экспорттады

    Фариза

    Екі жылда 130 көшеге асфальт, 8 ауылға су, 9 ауылға газ тартылған

    Фариза

    Пікір қалдыру

    one × two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.