14 C
Алматы
Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкент қаласында қауіпті кеселдің алдын-алу мақсатында залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде

    Шымкент қаласында қауіпті кеселдің алдын-алу мақсатында залалсыздандыру жұмыстары
    жүргізілуде. Бірінші кезекте адамдар көптеп шоғырланатын жерлер мен үй аулалары
    дезинфекциялануда. Ал, базар аумақтарына арнайы сұйықтықтар күнделікті екі мәртеден
    шашылуда,дейді Абай ауданының әкімдігіндегілер.

    Абай ауданының аумағында 258 аула мен 1000 астам көше бар. Бүгінде оларға кезең- кезеңімен
    залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде. Алдымен адам көп шоғырланатын орындар мен үй
    аулалары залалсыздандырылуда.

    Аудан аумағындағы жүргізіліп жатқан дезинфекциялық жұмыстарға әскерилермен қатар әкімдік
    қызметкері де тартылыпты. Олардың қаухары бір күнде 150-ден астам көшеге арнайы сұйықтық
    шашуға жеткілікті. Ал, қала базарлары күніне екі мәрте залалсыздандырылуда.

    Абай ауданының аумағында жалпы саны 13 базар бар. Олар мониторингтік топтың бақылауында.
    Күнделікті атқарған жұмыстарын әлеуметтік желідегі ортақ чатқа жолдап отыратын жауапты
    мамандар бүгінде біршама тәртіпке халықтың үйреніп қалғанын айтады.

    Аталмыш аудынның 31 елдімекені шалғайдағы шағынаудан болғандықтан оларды бір күнде
    қамту мүмкін емес. Сондықтан да ондағы жұмыстар кезең-кезеңге жоспарланған.

    Г. Қапал

    қатысты посттар

    Конституция күніне орай тараздықтарға пәтер кілттері табысталды

    Шымкент қаласының күніне орай телевизиялық нұсқада «Шымкент 2020 — Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының мәдени астанасы» жылының салтанатты ашылу рәсімі өтеді

    Фариза

    Б.Сапарбаев: Байзақтағы қаза тапқан марқұмдардың барлық несиелері өтелді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    5 × four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.