19 C
Алматы
Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкент: емханаларда құрылған мобильді топ 15 мың науқасқа қызмет көрсеткен

    Шымкент қаласында жедел-жәрдем қызметінен бөлек мобильдік топ тәулік бойы қызмет көрсетіп келеді. Емханалар жанынан құрылған 58 мобильді топ бүгінгі күнге дейін 15000 науқасқа үйге арналған медициналық көмек көрсеткен. Бұл туралы бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсету тобының жетекшісі, №5 емхананың бас дәрігері  Жібек Сейдалина мәлім етті.

    Мобильді топ жетекшісінің айтуынша, шақыртулардың басым бөлігі салқын тию, дене қызуының көтерлуі, құрғақ жөтелге байланысты болған.

    «Екі ауысыммен жұмыс істейтін медицина мамандары бір күнде 15-тен астам науқасты қарайды және телефон арқылы кеңестер береді. Дәрігерлер пациенттің үйіне барысымен дене қызуын өлшеп, тамағын қарап, өкпесін тыңдайды. Егер науқастың жағдайы ауыр халде болса, кезекші ауруханаға жеткізеді. Сонымен бірге, мобилді бригада қызметімен диспансерлік есепте тұратын 38 556 азаматқа дәрі-дәрмек үйлеріне жеткізілді»,-деді Жібек Сейдалина.

    Бұдан бөлек, мобильді бригада диспансерлік есепте тұрған 474 444 азаматқа қоңырау шалып, жұқпалы аурудың алдын алу бойынша кеңестер берді. Атқарылған жұмыстар қаладағы эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына өз әсерін тигізген.

    Г.ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Жамбылда 27 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды

    Фариза

    Жамбылда келер жылы үш су қоймасының құрылысы басталады

    Фариза

    Шу ауданындағы Жайсан ауылына көгілдір отын берілді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    four × one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.