11 C
Алматы
Жексенбі, 28 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Жамбылда келер жылы үш су қоймасының құрылысы басталады

    Жамбыл облысында келер жылы үш су қоймасының құрылысы басталады деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі. . «Қазсушар» РМК Жамбыл облыстық филиалының директоры Қазыбек Бедебаевтың айтуынша, жаңа гидроқұрылым 2024 жылға дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Құрылыс жүргізу үшін Қаржы министрлігіне бюджет өтінімі берілген.
    «Жамбыл облысында су тапшылығы талай жылдан бері күн тәртібінен түспей келеді. Егер бұл мәселені түбегейлі шешу тек қаржыға ғана байланысты болса, су тапшылығынан әлдеқашан құтылар едік.

    Өкінішке қарай өңір трансшекаралық өзендердің суын пайдаланатын болғандықтан мұнда көршілес мемлекетке тәуелділік те бар. Десе де, осы мәселені шешу үшін үш су қоймасын салуды жоспарлап отырмыз . Техникалық-экономикалық негіздеме мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алды. Енді салалық министрлік қажетті қаражатты бөлсе, құрылыс жұмыстарын бастаймыз»,- деді Қазыбек Бедебаев.
    Айта кетейік, қаржы мәселесі шешілсе Қордай ауданында сыйымдылығы 15,222 млн текше метр болатын «Ырғайты» су қоймасының іргетасы қаланбақ. Сондай-ақ дәл осы ауданда сыйымдылығы 14,6 млн текше метрді құрайтын «Қалғұты» су қоймасы, Байзақ ауданында 11,107 млн текше метр су сиятын «Ақмола» су қоймасы салынады.


    «Бұл нысандардың жалпы құны 14,9 млрд теңгеге тең. Жаңа су қоймалары вегетация кезінде көрші мемлекетке ағын суға тәуелділікті азайтып, облыс аумағындағы 34,5 мың гектар суармалы алқапты суландыруға мүмкіндік береді» -, деді филиал директоры.


    Бүгінде өңірде ауыл шаруашылығы дақылдары егілген егістіктің жалпы көлемі 200 мың гектардан асады. Ал қайта жаңғырту жұмыстары аясында тозығы жеткен гидротехникалық нысандар қайта қалпына келтіріледі. Облыстағы Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Қордай және Меркі аудандарындағы су шаруашылығы нысандарына «Еуропа қайта құру және даму банкі» есебінен қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
    Бүгінгі таңда 31 жоба бойынша аталған жұмыстардың мердігерлері анықталып, құрылыс жұмыстары қолға алынған.


    Жаңғырту жұмыстарының жалпы құны 21,5 млрд теңге. Жобаның жүзеге асуымен 1 388 шақырым болатын 310 нысан күрделі жөндеуден өтеді. Мамыры айына дейін 87 шақырымға жуық каналды бетонмен қаптау және 189 шақырымдай каналға механикалық тазалау жұмысы жүргізілген. Айта кетсек, қайта жаңғырту жұмыстары аяқталғаннан кейін өңірде 51,271 мың гектар суармалы алқап қайта айналымға енбек.

    қатысты посттар

    ШЫМКЕНТ: Кавасаки ауруы бар балалар тіркелген жоқ

    Фариза

    МҰРАТ ӘЙТЕНОВ: ЖОБАЛАРДЫҢ САНЫ ЕМЕС, ЖҰМЫСТЫҢ НӘТИЖЕСІ МАҢЫЗДЫ

    Фариза

    Жамбылдағы қос қуаныш

    Фариза

    Пікір қалдыру

    3 + 7 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.