15 C
Алматы
Сәрсенбі, 1 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА 26 АУЫЛ АУЫЗСУҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

    Облыста ауылдық елді мекендерді таза әрі сапалы ауызсумен қамтамасыз ету мақсатында бірқатар жобалар қолға алынып, өз деңгейінде атқарылуда. Былтырға дейін Жуалы ауданындағы 16 елді мекенге ауызсу желісі тартылып, 6 886 аула, яғни 35 мыңнан аса тұрғын қамтылған. Бұлардың қатарында Б.Момышұлы, Қызыларық, Дарбаза, Жылыбұлақ, Нұрлыкент, Диқан, Қайрат, Көлбастау, Талапты, Күреңбел, Көктөбе, Қосбөлтек, Бақалы, Қарасаз ауылдарымен қатар Шақпақ стансасы, шалғайдағы Қарабастау елді мекені бар.

    Өткен жылы ауданға «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 1 289 232 мың теңге қаржы бөлініп, 10 елді мекенде ауызсу жүйесінің құрылысы жүргізілген. Бүгінде жұмыстар толық аяқталды, Теріс, Ақбастау, Шынбұлақ, Майбұлақ, Қосмұрат, Алатау, Жұрымбай, Сұрым, Теріс-Ащыбұлақ, Ынтымақ ауылдарының тұрғындары таза су ішіп отыр. Биылғы сәуір айынан бастап құрылыс барысында қазылған жерлердің шөгуіне байланысты мердігер мекеме тарапынан қайта қалпына келтіру шаралары қолға алынды. Қазіргі таңда ауданда ауызсумен 26 елді мекендегі 7 708 аула, яғни 39 601 тұрғын қамтылған. Бұл көрсеткіш аулалар санына шаққанда 74,4 пайызды, халық санына шаққанда 73,9 пайызды құрап отыр. Бұдан бөлек, былтыр бес ауылда басталған ауызсу жүйелерінің құрылысы ағымдағы жылға өтпелі. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында Қошқарата, Көлтоған, Т.Дүйсебайұлы сынды шалғай ауылдарда басталған құрылыс жұмыстары толық аяқталған, қалғандары жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Сол кезде ауызсу желісіне қосылған елді мекендер 31-ге жетсе, 8 922 аула, яғни 46 050 тұрғын таза суменқамтамасыз етіледі.

    Сондай-ақ, Жамбыл облысында жыл соңына дейін 20 елді мекен табиғи газбен қамтылады

    Ағымдағы жылдың соңына дейін облыстың 20 елді мекендегі 16 мың адамды табиғи газбен қамтамасыз етіп, облыстағы газдандыру үлесін 257 елді мекенге жеткізу көзделуде.

    Бүгінгі күнге жоспарланған 20 елді мекенінің 5-уі табиғи газбен қамтамасыз етілді. Қалған 15 елді мекені бойынша құрылыс жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде.

    Көгілдір отынның рахатын көргендердің бірі Шу ауданындағы Өндіріс ауылдық округіне қарасты Абай ауылының тұрғындары.

    Ауылдық округтегі ақсақалдар алқасының төрағасы Тобахан Байгисиев игі іске қолдау көрсеткен аудан және ауыл басшылығына, газ құбырын жүргізуде белсенділік танытқан азаматтарға көпшіліктің атынан алғысын білдірді.
    Көгілдір отынды үйге орнатып беру құны 300 мың теңгені құрайды. Бұл жұмыстарды «КазТрансГазАймақ» аудандық филиалы жүргізеді. Қазіргі таңда ауыл халқының басым бөлігі көгілдір отынға қосылуға ниет білдіріп отыр.

    Аймақта 2021 жылы 25 табиғи газбен жабдықтау нысанының құрылысына 10,8 млрд.теңге қаржы қарастырылған. Соның ішінде, 17 жоба жыл соңына аяқталса, 8 жоба құрылысы 2022 жылға өтпелі.

    қатысты посттар

    Шымкенттік журналистер Мақтаарал халқына қолдау көрсетті

    Фариза

    Шымкентте дератизация жұмыстары жүргізіліп жатыр

    Фариза

    Гүлшара Әбдіқалықова «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысымен кездесті

    Фариза

    Пікір қалдыру

    15 + 20 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.