Понедельник, 8 декабря 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    «Оны 17 ер адам зорлағанына сенімдісіз бе?» Тұрғымбаев Сарыағаштағы оқушының ісіне қатысты пікір білдірді

    Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев «он жеті ер адамнан зорландым» деген Сарыағаштағы оқушының ісіне қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    «Оны 17 ер адам зорлағанына сенімдісіз бе? Қыз жоғалып кетті, бір күн болған жоқ. Операция кезінде ол табылып, анасына қайтарылды. Сол күні ешқандай арыз, шағым болған жоқ. Бір күн өткен соң, арыз түсті. Содан кейін қыздың анасы өтінішінен бас тартты. Тек бірнеше күннен кейін әлеуметтік желілерде 17 ер адамның зорлағаны туралы мәлімдеме пайда болды», — деді Тұрғымбаев Мәжіліс сыртында.

    Ол жаңа өтінішті полиция тіркегенін айтты.

    «Тексеруге міндеттіміз және жәбірленушіге қатысты бірқатар медициналық сараптама жүргізіліп жатыр. Осы тексеру қорытындысы бойынша шешім қабылданады», — деді ол.

    Еске салайық, Түркістан облысының тұрғыны кәмелетке толмаған қызын бірнеше ер адам зорлағанын мәлімдеген болатын. Жантүршігерлік оқиға биыл маусымда болған, бірақ енді ғана жария болды.

    қатысты посттар

    Қапшағайда жасөспірім асылып қалды

    Фариза

    Ертеңнен бастап Шымкентте мамандандырылған ХҚО-лар жұмыс істей бастайды

    Фариза

    ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІ СЪЕЗІ ХАТШЫЛЫҒЫ МҮШЕЛЕРІНІҢ ФАШИЗМ МЕН НАЦИЗМДІ ЖОЮДАҒЫ ЖЕҢІСТІҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ҮНДЕУІ

    Фариза

    Пікір қалдыру

    17 + 10 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.