5 C
Алматы
Сенбі, 27 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Алматыда теракт жасамақ болған адам сотталды

    Алматы қаласы Алмалы аудандық қылмыстық сотының А.Ж.Битимбаевты терроризм актісіне дайындалу, терроризмді насихаттау, діни алауыздықты қоздыру және атыс қаруын заңсыз сақтау фактілері бойынша 10 жылға соттау туралы үкімі заңды күшіне енді. Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Qazweek.kz ақпарат агенттігі Baq.kz порталына сілтеме жасап.

    “Ол ҰҚК назарына деструктивті діни идеологияны ұстанушы және Қазақстан Республикасында тыйым салынған “ДАИШ”халықаралық террористік ұйымының жақтасы ретінде ілікті. Тексеру барысында оның интернетте “ДАИШ” үгіт-насихатының ықпалымен халық көп шоғырланған орындарда жарылғышты пайдаланумен терактілер дайындауы туралы ақпарат алынды. Қарулы шабуыл жасағаннан кейін ол шетел содырларының қатарына өту және террористік әрекетін жалғастыру үшін Сирияға жетуді жоспарлаған. Битимбаевтың ойларын іске асырмау үшін оны осы жылдың сәуірінде Алматыда ішкі істер органдарын тарта отырып, ҰҚК ұстады”, – делінген хабарламада.

    Тінту кезінде одан атыс қаруы мен травматикалық қару, қолдан жасалатын жарылғыш құралдар жасауға арналған құрамдас бөлшектер, үш сауда-ойын-сауық орталығының сызбалары, бетперде мен қолғап алынған.

    Битимбаевтың кінәсі куәгерлік түсініктермен, заттай және өзге де дәлелдермен толықтай дәлелденді.

    қатысты посттар

    “Адамзат дәрежесінен сызылған тірі өлік…” Педофил деген кім?

    Павлодарда полиция қызметкері өз-өзіне қол жұмсады

    Фариза

    Шымкентте қылмыс саны азайған. Полицейлер 3 тәулікте 48 пәтер ұрлығын ашты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    14 + nine =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.