12 C
Алматы
Сенбі, 27 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар Қоғам

    Шымкентте қылмыс саны азайған. Полицейлер 3 тәулікте 48 пәтер ұрлығын ашты

    Шымкент қаласында карантин кезінде орын алған қылмыстар саны едәуір азайған. Құқықбұзушылық 39,3 пайызға төмендеген. Қылмыстар саны былтыр2311 болса, биыл 1290 істі құрап, өткен жылменсалыстырғанда  1021 іске азайған. Яғни, өткенжылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 44,2 % төмендеген.

    Қылмыс саны күрт азайғанының себебін әркім әртүрлі болжайды. Бірақ, бір анық нәрсе бар. 2020 жылдың 16 наурызынан 11 мамырға дейінжарияланған карантин уақытында полиция қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеді. Қатаң талаптар қойылып, тәртіп сақшыларына жүктелген жауапкершілік артты. Қала аумағындақұқықбұзушылықтардың алдын алу және оған дер кезінде заңды шешім қабылдау мақсатында арнайымониторинг тобы құрылды. Басты себеп осы… Нәтижесінде, ұрлық бойынша көрсеткіш бірден61,0% пайызға азайып отыр.  Тонау фактілері 70,0 % кеміген. «Полиция департаменті қызметкерлеріалдағы уақытта да қылмыс санының азаюына бар күшін салатын болады», — деді Шымкент қалалықПолиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Ералы Жұмаханбетов. Ал, ағымдағы жылдың 13-15 мамыр аралығындаШымкент қаласы Полиция департаментініңқызметкерлері қала аумағында пәтер ұрлықтарынашу мақсатында «Пәтер» жедел-профилактикалықіс-шарасын өткізді. Ондағы мақсат жүргізіліпжатқан шаралардың тиімділігін арттыру болатын.

    Аталмыш іс-шараны жоғары деңгейде өткізу үшінКриминалды полиция, Әкімшілік полиция, Жедел-криминалистикалық басқармаларыныңқызметкерлерінен жасақталған жұмыс тобықұрылып, олар бекітілген жоспар бойынша жұмысістеді.

    Жедел-профилактикалық іс-шара қала аумағынтолық қамтып, үш күндік рейд барысыныңнәтижесінде 48 пәтер ұрлығы ашылып отыр.Пәтерұрлықтарына қатысты жедел-іздестіру іс-шараларыжалғасуда.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    ШЫМКЕНТ: ҚАРТТАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ТЕАТРЛЫҚ ҚОЙЫЛЫМ ӨТТІ

    Фариза

    «Әйелдерді ұруға болады» деген астаналық профессор жұмыстан қуылды

    Фариза

    Қызылорда облысында жүн мен былғары өңдеу өндірісі құрылады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    ten − 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.