Жұма, 19 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат Қоғам Саясат

    “Бір ғасыр, он жыл өтсе де, ояна алмай жатқанымыз үшін кешіріңіздерші!”

    Ел ахуалын өзінің көңіл-күйімен, ауа райымен салыстырған Қырәлі Болманов желідегі парақшасына жазба қалдырған. Ахмет, Міржақып, Әлихандардың ұлт үшін жасаған еңбегін жіпке тізіп баяндаған өнер иесі осылайша ата-бабамыздан кешірім сұраған. Жауларына тайсалмай қарсы тұрып, ел қамы үшін адал еңбек еткенін де жеткізді.

    “Көңіл-күй осындай. Қара жорға күйі де, аспандағы бұлттармен сәйкес, көңіл-күйіммен үндес іспетті. Әлеуметтік желі де мазасыз. Өмір де осы мәшінелердей зуылдап жатыр. А.Байтұрсынов ұйықтап жатқан елді оятар ма екен деп «Масасын» ұшырды. М.Дулатов Уфа қаласында “Шарқ” баспасынан 1909 жылы бастырып, «Оян, қазақ!» деп ұран салды. С.Торайғыров «Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып күн болам» деп жалын атты. Ә.Бөкейханов орыс газеттеріне қазақ жерін қалай болса солай тартып алып жатқан, қазақтарды шоқындыруды көздеген патша саясатына қарсы мақалалар жазды. Жауларынан тайсалмай қасқая тұрып алысқан, жандары жәннәтта болғыр қайран аталарым-ай. Кешіріңдерші біздерді!”, – дейді Қыдырәлі Болманов.

    Дәл қазір Қазақтың жауы Қазақ болып жатқаны үшін. Қазақ қазаққа шапқаны үшін. Өз Қазағым өздерін сүйреп жүріп жапқаны үшін. Әлеуметтік желіде бірін-бірі улы сөздермен атқаны үшін ! Алласына сиынып, әрекет істеудің орнына, бүгінгі ұрпағың қарызға, белшесінен батқаны үшін ! Өзін-өзі табалап, күндеп, айыпты етіп жатқаны үшін. Сіздер айтқан уақыттан бір ғасыр, он жыл өтсе де, ояна алмай жатқанымыз үшін!” – деп өкінді әнші.

    қатысты посттар

    Ақтаулық келіншекті зар жылатты: Қымбат Досжанның хабары жұртты шошытты

    Фариза

    Алматыда тағы бір әйел 12 қабаттан секірді

    Фариза

    Шымкент: Биыл Тұранда 88 көп қабатты үйдің құрылысы басталады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    four × four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.