8 C
Алматы
Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Базарлардағы тазалық – бақылауда болуы тиіс

    Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кеңесте өңірдегі базарлардың жай-күйі және олардың қауіпсіздік мәселелері қаралды.

    Пандемия кезінде кәсіпкерлерге сауда нүктелері мен сауда орталықтарында, базарларда санитарлық талап пен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау тапсырылған болатын.

    Бүгінгі таңда базарларда санитарлық және қауіпсіздік шаралары сақтала бермейді. Жалпы облыста 41 базар болса, соның 17-сі Тараз қаласында орналасқан. Жұмыс топтарының осы базарларға жүргізілген зерделеуі кезінде көптеген кемшіліктер анықталды. Біз осыдан кәсіпкерлердің бізге берген уәдесінде тұрмағанын көріп отырмыз, – деді аймақ басшысы.

    Кәсіпкерлік және индустариалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаевтың айтуынша, түрлі бағытта қызмет істейтін 41 базардың бір жылдық сауда айналымы 3,5 миллиард теңгені құрайды. Онда 12895 адам жұмыс істейді.

    Тұрғындар арасында жүргізілген сауалнама халықтың 64 пайызы азық-түлікті, 73 пайызы азық-түлік емес тауарларды, 81 пайызы техникаға қажетті бөлшектерді, ал 85 пайызы құрылыс заттарын базарлардан сатып алатындығын көрсеткен.

    Өткен жылы Тараз қаласында орналасқан 17 базар қожайындарымен және мүдделі мекеме басшыларымен базарларды қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестендіру бойынша жол картасын бекіткен болатынбыз. Жалпы, жол картасына сәйкес базарлар өрт қауіпсіздігі, санитарлық және тағы басқа критерийлер бойынша модернизациядан өтіп, 9 базарда заманауи талаптарға сәйкес құрылыс жұмыстары басталуы тиіс болатын. Бүгінгі таңда оның бесеуінде құрылыс жұмыстары басталып кетсе, төрт базар ол жобаны іске асыруға құлықсыздық танытқан, – деді басқарма басшысы.

    Ең басты талап – тазалық, санитарлық тазалық пен қауіпсіздік шарасын қатаң сақтау. Жабайы базарларды құртып орнына заманауи сауда орталығын жасау. Қарап отырсақ, қазіргі базарда ешқандай қауіпсіздік шарасы сақталмаған. Бір жағында құрылыс заттары жинаулы тұрса, бір шетінде асхана жұмыс істеп жатыр. Ертең өрт бола қалса не болады? Базар құрылтайшылары не ойлап отыр? Біз бірінші адамның өміріне жауаптымыз, сол үшін қауіпсіздік шараларын күшейтуіміз қажет. Азық-түлікті жерге төсеп қойып сатуда. Жайма базар деген мына заманда болмауы керек, – деген облыс әкімі базар өкілдерінен жауаптар алды.

    Кеңесте кәсіпкерлер тарапынан базардан түрлі бағытқа шығатын автобустар тасымалы тоқтатылып, олар автобекеттен жүргізілсе, жол қозғалысы ретке келтірілсе деген ұсыныстар айтылды.

    Естеріңізде болса, пандемияға байланысты төтенше жағдайлар енгізіліп, базарлар карантинге жабылған сәтте кәсіпкерлер барлық санитарлық және қауіпсіздік талапты сақтай отырып жұмыс жасауға уәде еткен болатын. Бірақ оның бірде-бірі орындалған жоқ. Базар көп болса баға түседі. Бірақ базарлар талапқа сай болуы керек, – дей келіп Бердібек Сапарбаев бақылауды күшейтуді тиісті басқарма мен жауапты департамент басшыларына тапсырды.

    Бұдан кейін күн тәртібіне қойылған екінші мәселе – азық-түлік тауарларының бағасын реттеу туралы сөз қозғалды. Ол бойынша облыс əкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасы басшысы Қайрат Аманов баяндама жасады. Оның айтуынша, облыста әлеуметтік маңызы бар тауарлардың облыс бойынша тұтыну нормасы есептелген. 19 әлеуметтік азық-түлік тауарларының 9 түрі облыста артығымен, 8 тауар ішінара қамтылса, 2 тауар басқа өңірлерден жеткізілуде. Облыста тауар өндірушілер және көтерме сауда субъектілерімен 15 тауар түрі бойынша Меморандумдар жасалып, қосымша 48,7 мың тоннаға тауарлар қоры ұлғайтылыпты. 16 қазанғы жағдайында қамту үлесі 50 пайыздан асқан тауарлар саны 15-ке жеткен. 2 тауар бойынша 50 пайызға дейін қамтылып, жалпы тауарлар қоры 59,6 мың тоннаны құраған. Бұл 3 айға қажеттіліктің (91,1 мың теңге) орташа есеппен 65,4 пайызын қамтиды. Сондай-ақ өңірдегі өндірісі төмен болып саналатын 3 тауардың қоры 23,2 пайызға өскен.

    Аймақ басшысы басқа да азық-түлікке жауапты мекеме басшыларын тыңдай келіп, әлеуметтік санатқа жататын қажетті азық-түлік қорын барынша жасақтап, оны бақылауды орынбасарларына тапсырды.

    қатысты посттар

    ШЫМКЕНТ: ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА 185 ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ АУЛАСЫ АБАТТАНДЫРЫЛУДА

    Фариза

    Шымкентте талапкерлердің ҰБТ тапсыру кезіндегі түсірілген бейнебақылау жазбалары министрлікке жолданады.

    Фариза

    Сапарбаев тұрғын үйлерде мүлік иелерінің бірлестіктерін құру ісін жеделдетуді тапсырды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    five × one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.