21 C
Алматы
Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар Білім және ғылым

    Шымкентте талапкерлердің ҰБТ тапсыру кезіндегі түсірілген бейнебақылау жазбалары министрлікке жолданады.

    Шымкентте талапкерлердің ҰБТ тапсыру кезіндегі түсірілген бейнебақылау жазбалары министрлікке жолданады. Бұл жазбалар білім сынағына қатысушылардың Ұлттық бірыңғай тестілеуден алған нәтижесіне кері әсер етуі мүмкін. Бұл туралы ақпараттық-коммуникация орталығында өткен брифингте Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Ж.Тәжиева мәлімдеді.

    Жанат Арысбекқызының айтуынша, талапкерлерді қатал тәртіп пен күшті талап күтуде. Яғни, түлектердің ҰБТ тапсырған сәтіне волонтерлар зерделеу жұмыстарын жүргізбек. Егер бейнежазбада оқушылардың күмәнді әрекеттері байқалып, олардан ұлттық бірыңғай тест тапсыру ережесін бұзғаны анықталса, жинаған ұпайы жойылады.

    – Шымкентте ҰБТ 20 маусым мен 5 шілде аралығында санитариялық талаптарды қатаң сақтай отырып, қаладағы үш жоғары оқу орнының базасында өтеді. Электронды өтініш берген 8570 түлек қатысады деп күтілуде. Мектеп бітірушілерді FaceID бағдарламасының көмегімен фотосуреттерін сәйкестендіру арқылы аудиторияларға кіргізіледі. Бұдан бөлек, тест тапсыру орындарында оқушылар үшін қарапайым калькулятор беріледі. Ал тестілеу уақыты 3 сағат 50 минуттан 4 сағатқа дейін ұзартылады. Тағы бір ескертетін жайт, карантин режиміне байланысты ата-аналары мен туыстарының қатысуынсыз өткізіледі, — деді спикер.

    Шымшаһардың бас ұстазының айтуынша, аудиторияға кірген соң талапкерлер екі метр қашықтықты сақтап, шахмат үлгісімен отырады. ҰБТ-да 11-сыныптың 4-тоқсанында оқытылатын бағдарламадан сұрақ болмайды. Және тест тапсырушы бетпердені екі сағат сайын ауыстырып, қоқысқа тастап отыруы тиіс. Ал ата-аналар балаларын онлайн бақылай алады. Бұдан бөлек, оқушылар ҰБТ нәтижесін де электронды үлгіде алады.

    Жанат Арысбекқызы оқушыларға өз білімдеріне сеніп, тестілеу ережесін бұзатын ешқандай қосымша құралдарды пайдаланбауға шақырады.

    Фариза Жандар

    қатысты посттар

    Мойынқұм ауданына газ тарту мәселесі 3-4 жылда шешіледі

    Фариза

    Шымкент: «Цитадель» – туризм орталығына айналуда

    Фариза

    Шымкент: Халыққа әлеуметтік қолдау көрсетуге 16,1 млрд теңге қаралған

    Фариза

    Пікір қалдыру

    five × 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.