1 C
Алматы
Воскресенье, 17 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Жамбылда еңбекке бейім тұрғындардың тәжірибесін тиімді пайдалану мәселесі қаралды

    Көші-қон мәселесіне көңіл бөлмейтін мемлекет жоқ. Дегенмен ішкі және сыртқы миграцияның көп жағдайда жұмыссыздықтан орын алып жатқандығы белгілі. Осы орайдағы өңіріміздегі мәселелер облыс əкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кеңесте қаралды.

    Қашанда ішкі жəне сыртқы миграцияны бақылап, талдау отыру – аса маңызды. Сол арқылы біз қай өңірде адамдардың қаншалықты шоғырланғандығын анықтап, елдімекендердің болашағын болжап, экономикалық əлеуетін анықтай аламыз. Сонымен қатар, еңбекке белсенді, бау-бақшамен, көкөніспен, кәсіпкерлікпен айналысатын адамдарды облыстың өзге аудандарына көшіруді үйлестіру мәселесін саралауға мүмкіндік туады.

    Бәріңізге белгілі, көші-қонға байланысты елімізде арнайы Мемлекеттік бағдаларамалар қабылданған. Біз сол бағдарлама аясында облыстан солтүстікке, шығысқа қоныс аударып жатқан жерлестердің де жай-күйін тұрақты бақылауда ұстап отыру керекпіз.

    Сол секілді ішкі миграцияда да тұрғындарды бір жерден келесі аумаққа көшіру үшін, ең бірінші оларға жағдай жасау керек. Баспана, жұмыс, балаларының балабақша және мектеппен қамтылуына назар аудару қажет. Біз кейбір аудандарда қалың шоғырланған еңбекке белсенді, жердің бабын таба білетін еңбекке бейім тұрғындардың тәжірибесін, кәсіби білгірлігін тиімді пайдалану, басқаларға бөлісу мақсатында оларды келесі аудандарға орнықтыру жайына көңіл бөлу керекпіз.
    Сондай-ақ, Мойынқұм, Талас, Сарысу аудандарындағы кейбір елді мекендерде халық аз орналасқан. Дегенмен, мұнда өнеркәсіптің дамып келе жатқандығын, жұмыс күшінің жетіспеушілігін ескеру керек. Осылардың барлығын талдап, бір жүйеге келтіру керекпіз, — деді өңір басшысы.

    Күн тәртібіндегі мәселе бойынша баяндама жасаған ішкі саясат басқармасының басшысы Бейқұт Жамангөзов аудандар бөлінісінде халықтың шоғырлану жиілігіне тоқталды. Оның айтуынша, салыстырмалы түрде Қордай (145 500), Шу (102 778), Байзақ (109 133) аудандарында тұрғындар тығыз орналасқан.

    Аймақ басшысы олардың жұмыс күшін тиімді пайдалануда ішкі миграциялық қоныстандыру жұмыстарын ұтымды ұйымдастыру жайына назар аудартты.

    Еңбекке, кәіпкерлікке епті қордайлықтарды неге Шу, Мойынқұм өңірлеріне орналастырмаймыз? Неге олар Алматы мен Қарағанды облыстарына барып пияз, сәбіз, басқа да көкөніс өсірумен айналысады? Неге біз сол азаматтарға өзіміздің Шу, Меркі, Мойынқұм, Талас пен Сарысу аудандарынан бау-бақша салатын жер беріп, баспанамен қарайластырып, бір ауданнан екінші ауданға қоныстандырмаймыз. Олар сол өңірдің тұрғындарын жер баптауға, бау-бақша салуға үйретер еді, — деді Б. Сапарбаев.

    Басқосуда ішкі миграциядағы негізгі басымдық – жерді тиімді пайдалану, халықты жұмыспен қамту екендігі баса айтылды. Осы тұрғыда жер қатынастары, әлеуметтік әкімдіктер жан-жақты түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру қажет.
    Меркі ауданының əкімі Руслан Нұрсипатов ауданға көшіп келуге ынта танытқан тұрғындарды қарсы алып, оларға көмектесуге дайын екенін жеткізді.

    Жиынды қорытындылаған облыс әкімі көтерілген мәселелерді зерделеп, талдау бойынша жұмыс тобын құрып, жол картасын әзірлеуді тапсырды. Ішкі миграцияның саяси, экономикалық маңызына тоталған аймақ басшысы әрбір аудан әкімі өз өңірінде зерделеу жұмыстарын жүргізуді жүктеді.

    қатысты посттар

    Шымкент қаласында «Дәрігерлерге мың алғыс!» жалпыұлттық акциясы өтті

    Фариза

    ШЫМКЕНТ: 100 жастағы әжей туған күнінде пневмониядан жазылып шықты

    Фариза

    ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАДА КӨШБАСШЫЛАР ҚАТАРЫНДА

    Фариза

    Пікір қалдыру

    2 × 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.