16 C
Алматы
Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Жамбылдықтардың әлеуеті артуда

    2021 жылы автожол саласын да­­мытуға 12,7 миллиард теңге бө­лі­ніп, мемлекеттік бағдарламалар ая­сында 3,6 шақырым жол салын­ды. 440,7 шақырым жол орта жөн­деуден өтті. Нәтижесінде, қанағат­танарлық жағдайдағы жергілікті автожолдардың үлесі 90 пайыздан 95 пайызға, елді мекен көшелерінің үлесі 77,2 пайыздан 79,2 пайызға жетті.

    Биыл тағы 12 ауылдық елді мекенге су құбыры жүргізіліп, қамтылу деңгейі 82,2 пайыздан 88,7 пайызға дейін артатын болады.

    Ең маңызды мәселенің бірі – елді мекендерді газдандыру. Биыл 20 елді мекендегі 16 мың адам та­биғи газбен қамтылып, үлесін 83,8 пайызға жеткізуді көздеп отырмыз.

    Жамбылдағы әлеуметтік көр­сеткіштер де көңіл қуантады. Атап айтсақ, барлық мемлекеттік бағдар­лама мен жеке бастама аясында 29,7 мың жаңа жұмыс орны ашыл­ған болса, оның ішінде 16,5 мың адам тұрақты жұмыс орнына орна­ласты. Сондай-ақ жұмыспен қамту­дың белсенді шараларымен 47,4 мың­нан аса адам қамтылды. Жал­пы, осы жылы 95,4 мың адамға әлеу­меттік көмек көрсету жоспар­ланса, бүгінде 56,1 мыңы соның шара­па­тын сезінді.

    Жыл басынан атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар 1,9 мыңға азайып, өзін-өзі жұмыспен қам­тығандар 2,1 мың адамға кеміді. Кепілдендірілген әлеуметтік пакет­пен 1-6 жастағы 16,9 мың баланы қам­ту жоспарланып, 14,8 мың ба­лаға көмек берілді. Ал «Жұмыспен қамтудың Жол картасы» аясында 1 191 жұмыс орнын құратын 29 жо­баны іске асыруға 9,5 миллиард тең­ге бөлініп, 723 жұмыс орны құрылды.

    «Ауыл ел – бесігі» жобасымен 67 ауылдық елді мекенде 8,7 мил­лиард теңгеге 119 жоба іске асыры­луда. Соның арқасында 1 523 уа­қыт­ша жұмыс орны құрылмақ. Қа­зір 54 нысанда жұмыстар аяқта­лып, 400-ге жуық жұмыс орны ашылды.

    Тиісінше, мемлекеттік бағдар­ламалар және жеке бастамалар нәтижесінде орташа жалақы 25,8, табыс 17,2 пайызға артты.

    Өңірде бұқаралық спортты дамытуға жалпы 11,8 миллиард теңге қарастырылды.

    Бұдан бөлек өңірде саламатты өмір салтын қалыптастыруға да айрықша назар аударылған. Бүгінде облыстағы 2 725 спорт нысанында 4 353 бірлік спорт секциясы қызмет көрсетеді. Онда 394,1 мың тұрғын спортпен жүйелі түрде шұғылданады.

    Халықтың спорттық инфрақұ­рылыммен қамтамасыз етілу дең­гейі 49,2 пайызды құрап отыр. Осы жылы құрылысы жүргізіліп жат­қан 10 денешынықтыру-сауық­тыру кешенінің 2-еуі қолданысқа беріліп, жыл соңына дейін тағы 4-еуі ашылады.

    Облыс тұрғындары мен бала­лардың спортпен шұғылдануына жағдай жасау мақсатында Тараз қаласында демеушілер есебінен 1,5 миллиард теңгеге көркем гимнас­тика және үстел теннисі спорт кешені пайдалануға берілді. Бұдан бөлек, келесі жылы 7 ДШСК құры­лысы және 1 спорт мектебін қайта жаңғырту жоспарланған.

    1 мыңнан аса жамбылдық спортшы түрлі деңгейдегі Ұлттық құрама командаға алынды. Бұл Қазақстан құрама командасының 10,3 пайызын құрайды.

    қатысты посттар

    Кәсіп түбі – нәсіп!

    Шымкентте дәрі-дәрмек тапшылығын жою үшін жұмыстар жүргізілуде

    Фариза

    Алғы шеп мамандары марапатталды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    seventeen − six =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.