8 C
Алматы
Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Б. Сапарбаев: Басты мақсат – халықтың денсаулығын сақтау

    Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кезекті аппараттық кеңесте өңірдегі эпидемиологиялық жағдай, вакцинкациялау және мемлекеттік жоспарлау жүйесіне қатысты мәселелер қаралды.

    Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Хамит Мырзақасымовтың айтуынша, ағымдағы жылдың 2 қарашадағы жағдай бойынша облыс аумағында жалпы COVID-19 індетінің 20 959 жағдайы тіркелген.

    Қазан айының соңғы екі аптасындағы динамикаға сәйкес КВИ+ белгілері бар науқастар саны азаюда. Бекітілген жоспарға сәйкес, ағымдағы жағдай бойынша облыстағы ауруханаларда 1003 инфекциялық төсек, 112 реанимациялық төсек қоры, оған қоса 170 төсек орынға арналған карантиндік стационарлар жұмыс атқаруда.

    Соңғы жедел ақпарат бойынша инфекциялық стационарлардың толтырылуы 42 пайызды, реанимациялық төсек орынның жүктемесі 37 пайызды құрайды.

    Облыс бойынша коронавирус инфекциясына қарсы вакцинацинаның 1 компонентін 542 453 тұлға қабылдаса, 2 компонентімен 437 816 адам қамтылған.Тараз қаласы, Шу, Талас аудандарында вакцинациялау пайызы облыстық көрсеткіштен төмен,- деді Х. Мырзақасымов.

    Сондай-ақ, аталған басқарма басшысының міндетін атқарушы Америка құрама штатының (АҚШ) Pfizer вакцинасының 1 партиясымен 23 400 дозасын жеткізу жоспарлануда екендігін айтты. Ол бойынша вакцинациялауға 12 және одан жоғары жастағы жасөспірімдер, жүктіліктің 16-дан 37-ші аптасына дейінгі жүкті әйелдер, лактация кезеңіндегі әйелдер – босанғаннан кейінгі кезең аяқталғаннан кейін (42 күннен кейін) жатады.

    Біздің облыс бойынша, Pfizer вакцинасымен 139 230 тұлғаны вакцинациялау жоспарланған. Бастапқы кезеңде 16 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерді вакцинациялау жүргізіледі, келесі кезеңдерде басқа жастағы – 15, 14, 13 және 12 жастағы жасөспірімдер жүйелі түрде вакцинацияланады,-деді Х. Мырзақасымов.

    Басқосудың күн тәртібіндегі екінші мәселе туралы облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Надира Жолдасбекованың баяндама жасап, мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы баяндады.

    Облыс әкімі коронавирусқа, тұмауға қарсы екпе егу бойынша көрсеткіші төмен аудандар жұмысын сынға алды.

    Pfizer вакцинасы бойынша алдымен түсіндіру, ақпараттық-насихат жұмыстарын барынша жүргізу керек. Тиімділігі мен пайдасы туралы бұқаралық ақапарат құралдары беттерінде, әлеуметтік желілерде көптеп жазу керек. Басты мақсат – халықтың денсаулығын қорғау.

    Мобилді топтардың жұмысын күшейту маңызды. Барлық той-жиындар, іс-шаралар санитарлық талаптарға сай өтуі тиіс. «Ашық» бағдарламасын пайдалануда олқылықтарға жол берілмеу керек,- деген Бердібек Сапарбаев өзінің орынбасарлары мен басқарма басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

    қатысты посттар

    Таразда 45 отбасы баспаналы болды

    Фариза

    Қызылорда облысында қалдықтарды тазарту бағытында жұмыстар атқарылуда

    Фариза

    Қызылорда облысында туризм саласында 16 жоба іске асырылады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    1 × 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.