16 C
Алматы
Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    Ауғанстанда бей-берекет атылған оқтан қаза тапқандар мен жарақат алғандар саны 70-тен асты

    Панджшер провинциясын басып алу туралы хабарламалардан кейін «Талибан» радикалды қозғалысының содырлары жаппай бей-берекет оқ жаудырған. Атыс салдарынан елде қаза тапқандар мен жараланғандар саны 70-тен асты, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі, Azattyq ryhy порталына сілтеме жасап.


    Кабулдағы жедел жәрдем ауруханасы 4 қыркүйекке қараған түні 17 марқұмның мәйіті мен жарақат алған 40 адам жеткізілгенін растады. Елдің шығысында Желалабадтан келген деректерге сәйкес, өткен түнде атыс салдарынан 17 адам қаза тапқан. Агенттік басқа қалалардан да ақпарат келіп түсетіндіктен зардап шеккендердің саны артуы мүмкін екенін айтады. Бұған дейін ауған ақпарат құралдары хабарлағандай, Кабулда елдегі билікті басып алған «Талибан» радикалды қозғалысының содырлары бей-берекет оқ жаудырып, бағынбаған солтүстік Панджшер провинциясын толық басып алғандықтарын осылай атап өткен. Ал аймақтағы ұлттық қарсылық өкілдері радикалдардың осы провинцияға бақылау орнатқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.


    Фото: ашық дереккөзден

    қатысты посттар

    Бір топ дәрігер ҚР Бас санитарын сотқа берді

    Фариза

    Алматыдағы митинг: полиция оқ атты

    Фариза

    Алматыдағы MART сауда кешенінде жарылғыш зат ізделуде

    Фариза

    Пікір қалдыру

    17 + 9 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.