5 C
Алматы
Жексенбі, 28 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    Бір топ дәрігер ҚР Бас санитарын сотқа берді

    Елорданың әкімшілік сотына 35 адам ҚР Бас санитар дәрігерінің қаулысының бір бөлігіне қатысты шағымданды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі, Azattyq Rýhy порталына сілтеме жасап.

    Арызданушылар вакцинацияланбаған жұмыскерлер үшін міндетті ПТР-тестілеу туралы, белгілі бір мерзімдерде профилактикалық егулер жүргізуді ұйымдастыру туралы, коронавирусқа қарсы вакцина алмаған жұмыскерлер үшін күндізгі режимде жұмыс істеуге рұқсат беруді шектеу туралы қаулылардың тармақтарына шағым келтірген.

    Сотқа арызданғандар Қаулының конституциялық нормаларды бұзады, өмірге қауіп төндіреді және денсаулыққа зиян келтіреді, адамның еңбек ету құқығын бұзады, COVID-19 вакцинасы тиісті түрде тексерілмеген деп есептейді.

    Алайда сот арызданғандардың талаптарын қабылдаған жоқ. Нұр-Сұлтан қаласының қаулыларының бір бөлігін заңсыз деп тану және күшін жою туралы әкімшілік талап қоюларды қанағаттандырудан бас тартты.

    «Сот қаулыларды шығару кезінде заңнама нормаларының бұзылуын анықтаған жоқ. Азаматтардың еңбек құқықтары бұзылмаған, өйткені COVID-19-ға қарсы вакцинацияланбаған жұмыскер кепілдендірілген еңбек құқықтарын сақтайды, еңбек функцияларын қашықтан жүзеге асыруға рұқсат етіледі. Бұл үшін қажетті жағдайлар жасалуда. Анықталған мән-жайлардың бәрін, жалпы әлемдік инфекциямен күресуге бағытталған шараларды қабылдаудың қажеттілігін ескере келіп, сот бас санитар дәрігердің қаулыларын заңсыз деп тануға негіз жоқ деп тапты», – делінген қалалық сот хабарламасында.

    Фото: из открытых источников

    қатысты посттар

    Шымкент: Елтайда су тасқынынан қатты зақымданған үйлер жоқ

    Фариза

    “Аяусыз ұрған”: Қарағандыда қыздар арасындағы төбелестің видеосы тарап кетті

    Фариза

    Бір топ белсенді ұсталған жастарды қолдау үшін Алматы сотының алдына жиналды

    Пікір қалдыру

    nine − four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.